ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ КӨП ӘйЕЛ АЛУШЫЛЫҚҚА ТЫЙЫМ САЛУДА....
Қырғызы Республикасының Әділет министрі Марат Кайпов көп әйел алушылардың жазалануын қоштайтындығын білдірді. М.Каипов көп әйел алушыларды кем дегенде 3 жыл бас бостандығынан айырумен жазалауды талап етуде. Толығырақ: islam.com.ua
РФ, ГосДума депутаты Владимир Мединский: "Мавзолейде Ленин дененсінің 10 пайызы ғана қалды, әрі мавзолейде Ленин жатыр деп өзімізді алдаудың қажеті жоқ" дейді. Мединскийдің айтуынша: "Лениннің денесін мавзолейден шығарып, көмуге негізгі төрт себеп бар. Бұдан әрі Лениннің денесін мавзолейде ұстаудың еш маңызы жоқ".
ЭКСПЕРТТЕР МЕККЕ-МЕДИНЕГЕ ЕСКІ КӨЛІКПЕН КІРУГЕ ТИЫМ САЛУДЫ ҚҰПТАДЫ
Сауд Арабия өкіметі қажылық уақытында, қажылық сапарына ескі автокөлікпен баруға тыйым салады. Көліктің шыққан жылы жеті жылдан асып, ауаға зиянды газдар шығарылады деп есептелсе онда жүргізуші көліксіз қалуы әбден мүмкін. Қажылыққа жаңа көлікпен аттаныңыздар, құрметті бауырлар.
Гвинеу-Бисаудың бұрынғы президенті Кумба Яла Исламды қабылдап әрі есімін мұсылманша қылып өзгертті. Бұл оқиға 18 шілде күні Сенегалдың шекарасына жақын орналасқан Габу қаласындағы кішкене ғана мешітте өтті. Экс-президент есімін Мухаммад Яла Эмбало деп өзгертті. Ақпарат көзі: semya.kz
Юсуф Ислам 60-қа толыпты. Атақты әнші, композитор, 60 жылдығын атап өтті. Стивен Деметр Георгиу 1948 жылы 21 шілдеде Британия астанасы Лондонда, греко-швед отбасында дүниеге келген. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары, ол әлемнің атақты әншілерінен болды. Әлем оны Кэт Стивенс ретінде танитын еді. Mercurynews.com.
Хижаб не үшін киіледі? Әлемдердің Раббысы болған Аллаһ тағалаға мақтаулар, Пайғамбарлардың ең соңғысы болған Мұхаммедке Аллаһтың игілігі мен тыныштығы болсын. Ия, хижаб деген ол не? Не үшін киіледі? Алдымен осы сұрақтардың төңірегінде тоқталар болсақ. Хижаб "حِجَابٌ" араб сөзі, "حَجَبَ" «хажаба» деген етістіктен шығады. Қазақ тілінде жасыру, көрсетпеу, жамылғымен жабу, қол сұқтырмау деген мағыналар береді. Шариғи жөнінен мұсылман ә... Жалғасын оқу »