Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын
Ойланыңдар, мұсылмандар!!! Ей мұсылмандар:
- Кімде кім аса көрікті, қымбат, бағалы автокөліктерге мінуді қаласа, біліңіздер: ерте ме кешпе сіз мүсәпір (сапар шегуші) боласыз, бұл сапар сізді ғайып өмірге алып кетеді, яғни қабірге. - Кейбіреулер қымбат бағалы киімдер киюге ынтық болса, енді біреулер киюге, әуретін жабуға бір жапырақ мата таппай жүр, біліңіздер: ерте ме кешпе сізге берілген мына дүниедегі өмір бітіп, мәйітіңіз оралған кебінге кебінделіп жерге көмілесіз. - Кімде кім бар тапқан дүниесін сарай секілді салдырған үйіне жұмсаса, біліңіздер: ерте ме кешпе сіздің негізгі әрі қияметке дейінгі үйіңіз қабір болады. - Ашкөздікпен, арамтамақтықпен тамақтанып кедей-кепшікті тамақтандыруды ұмытсаңыз, біліңіз: ерте ме кешпе құрт-құмырсқа мен шаяндардың жемтігі боласыз. - Ал кімде кім атақ-даңқ, адамдар арасындағы абырой үшін жанталасып, иман, ислам жайлы, дініне деген қызметті ұмытса, біліңіздер: ертең қабірде жалғыз боласыз. Жаныңызда ешбір жанашыр, көмекші болмайды. - Кім алтындай уақытын теледидардан шоу, тамаша, шаншар секілді мәнсіз, мағынасыз шоулар көрумен, радиодан музыка тыңдаумен, неше түрлі детектив кітаптар оқумен өткізсе, біліңіздер: о дүниелік болғанда, бір секунд болса да Аллаһты есіңізге алмағаныңыз үшін өкінгеніңіздей өкінбейсіз. Жан алқымға келгенде немесе күн батыстан шыққандағы өкіну пайдасыз болады.
Ұ.Алиакбарұлы. 1429 һижри, мухаррам-30.
|