Сейсенбі, 09.Ақпан.2010, 07:02
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Бір ғалымды Аллаһтың бар екендігіне сендірген жеті себеп
•  Тағдырға иман
•  Әулиені қорлама
•  Үлгі-өнеге көрсете білу
•  Нұр сүресіндегі әуретке байланысты аяттың тафсирі
•  "Иләһ"
•  Мұсылмандарға жаңа жылды тойлауға бола ма?
•  Пайғамбарлар әкелген ақиқат
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 254
 

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 13 » [13.01.2009.] Тайталасы бiтпеген Таяу Шығыс


[13.01.2009.] Тайталасы бiтпеген Таяу Шығыс
12:54
nullТайталасы бiтпеген Таяу Шығыс
Израиль мен палестиналық ХАМАС ұйымының арасындағы текетiрес күннен-күнге ушығуда. Еврей билiгi әлем елдерiнiң қарсылығына қарамастан Газа аймағында жойқын әскери күш қолдануда. Мұсылман мемлекеттерi де, бiрқатар Еуропа мемлекеттерi де Палестина халқына ашық қолдауын бiлдiрдi. Бұл қақтығыстың арты немен тынады? Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы қақтығыстың астарында не жатыр? Осы сауалдарды елiмiздiң белгiлi саясаткерi Жармахан Тұяқбайға, саясаттанушы Досым Сәтбаевқа, жазушы-драматург Сұлтанәлi Балғабаевқа қойып, олардың пiкiрiн оқырман назарына ұсынуды жөн көрдiк.  

Жармахан Тұяқбай: Ұлтты жою соғысы
Израильдiң Газа аймағына жасаған шабуылын барып тұрған озбырлық ретiнде бағалаймын. ХАМАС-тың Израиль аумағын зымырандармен атқылауын қолдамаймын. Алайда, Израильдiң аса жойқын күшпен палестиналықтарға тап беруiн халықаралық қауымдастық шарттарына қайшы келетiн әрекет ретiнде бағалау қажет. Тель-Авивке еш мемлекеттiң пiкiрiмен санаспай, өз бiлгенiн iстеуге мүмкiндiк берiлмеуi тиiс. Израиль өзiнiң мемлекеттiк мүддесiн қорғауды көздеп отырмағанына кәмiл сенiмдiмiн. Олардың түпкi ойы, мақсаты — палестиналық ұлтты жою. Бұл соғысты ұлтты жою соғысы ретiнде бағалаймын.

Досым Сәтбаев: Израиль бұл қақтығыстан ештеңе де ұтпайды
– Израиль мен ХАМАС ұйымдарының арасындағы бұл жолғы қақтығыстың бұрынғылардан еш айырмашылығы жоқ. Тек қақтығысқа қатысушылардың құрамы ғана өзгердi. Бұған дейiн Израиль ФАТХ ұйымымен қарулы қақтығысқа шықса, ендi олардың басты қарсыласы ретiнде ХАМАС ұйымы алдыңғы қатарға шықты. Оның өзiндiк себебi де бар. ХАМАС – палестиналықтардың алдында беделi бар, Израильге ұйымдасқан қарсылық таныта алатын бiрден-бiр ұйым. Тель-Авив Газаға шабуыл жасауда екi басты мақсатты көздеп отыр. Бiрiншiден, палестиналық ұйымды қорқытып-үркiтiп, оған қоқан-лоққы жасау. Екiншiден, ХАМАС-тың белсендi, белдi мүшелерiнiң көзiн құрту. Ұйымды басты тұлғаларынан, басшыларынан айыру – Израильдiң түпкi мақсаты. Менiңше, бұл соғыстан Израиль ештеңе де ұтпайды. Олар уақытша ғана жеңiске жетуi мүмкiн. Алайда, ХАМАС көп ұзамай өзiнiң күш-қуатын қайта жинайды. Себебi, оның қолдаушыларының қатарында қуатты елдер бар. Олар ХАМАС-ты Израильге тепе-тең күш ретiнде ұстауға мүдделi. Сонымен бiрге жақында Израильде сайлау өтуiнiң мүмкiндiгi де жоқ емес. Сондықтан бұл қақтығысты еврей саясаткерлерiнiң қолдан ұйымдастырған соғысы ретiнде де бағалауға болады. Халық алдында ұпай жинап, беделiн арттыру үшiн.  

Сұлтанәлi Балғабаев: Араб мемлекеттерiнiң ауызбiршiлiгi жоқ
– Қазiргi күнi араб мемлекеттерi аз емес. Бiрақ, осы араб мемлекеттерiнiң өзара ауызбiршiлiгi жоқ. Израиль осыны пайдаланып, Палестинаға зорлық жасап жатыр. Егер араб мемлекеттерi шоқтай ұйысып, бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығара бiлсе, Израиль де аяғын тартар едi. Бүгiнгi күнi Израильдiң тым еркiнсiп, тым тайраңдап кеткенiн өз басым араб мемлекеттерiнiң бiр-бiрiмен алтыбақан алауыз болып отыруынан көремiн. Бұл – бiзге де сабақ. Бiздер, күллi түркi жұрты, түркi мемлекеттерi бiр-бiрiмiздi қолдап, демеп отыруымыз керек.

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 517 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
14.Қаңтар.2009
1. Muslim (ereke)
evreilerdin kozdegeni tek \Palestina halkin kyrty emes, sonumen katar bykil alem elderin kozine ilmei mysulmandardy aiak asty etyi, oitkeni ol jer Mysulmandardyn Mekke Madinadan keyingi kasietti jeri. Byl bykil mysylmandar yshin maskara korlyk.Bugan Mysylmandardyn dininen alystayi sebep bolsa kerek.

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: tileshka, Nursaba, Zhumak

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Nurlan-85

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 2671
Осы ай ішінде: 78
Осы апта ішінде: 10
Кеше: 1
Бүгін: 0