Жыры мол болған санақтың соңғы сыры - 8 Февраля 2010 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Жұма, 12.Наурыз.2010, 03:22
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
•  Бір ғалымды Аллаһтың бар екендігіне сендірген жеті себеп
•  Тағдырға иман
•  Әулиені қорлама
•  Үлгі-өнеге көрсете білу
•  Нұр сүресіндегі әуретке байланысты аяттың тафсирі
•  "Иләһ"
сауалнама
Қазақ сайттарына көңіліңіз тола ма?
Жауап берілді: 208
 

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 8 » Жыры мол болған санақтың соңғы сыры


Жыры мол болған санақтың соңғы сыры
05:24
Сонымен біз қаншамыз?
2009 жылғы ақпанда жүргізілген ұлттық халық санағынан басты күткеніміз – осы сұрақтың жауабы болатын. Нақтыланған ресми жауап сарылтып ұзақ күттірді. Тұп-тура 11 айдан кейін ғана негізгі көрсеткіштер жария етілді. Тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағының түпкілікті есебінше, Қазақстан тұрғындарының саны – 16 млн 4 мың 800 адам болған. Бұл – санақ жүргізілген 2009 жылғы ақпанның 24-інен 25-іне қараған түнгі 24.00 сағаттағы жағдай. Санақтың есеп-қисабын шығарғанша, тағы біраз уақыт зыр етіп өте шықты.
Cтатистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың мәліметінше, 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 16 млн 196 мың 800 адамды құрады. Бұл – халық санағы нәтижелерін ескере отырып, нақтыланған ағымдағы дерек. Яғни санақ пен жаңа жылдың арасында туғандар мен қайтыс болғандарды алып-қосып, есеп жасағаннан кейінгі санымыз – осындай. Демек, бір жылға жуық уақытта тағы да 200 мыңға жуық көбейіп үлгергенбіз. Осы аралықта қазақтың үлесі тағы да 0,5 пайызға артып, барлық тұрғындардың 63,6 пайызына жеткен. Қазақстан тұрғындарының саны он жылда 1 млн 22 мың 900 адамға өскен екен. Біреу аз дер, біреу көп дер. 1999 жылғы санақ 1 млн 278 мың 800 адамға кеміп кеткенімізді көрсетіп еді. Соған қарағанда, шүкір дейтін көрсеткіш.
Мың өліп, мың тірілген қазақ
Қазақстандағы тұңғыш толыққанды халық санағы 1897 жылғы қаңтардың 28-інде жүргізілді. Ол кезде Ресей империясының отары едік. Бүкіл Ресейді қамтыған сол санақта тұңғыш рет қазақ даласындағы тұрғындардың санын шығарды: 4 млн 147 мың 800 адам. Сол кездегі есеп бойынша, қазақтар барша тұрғынның 81,8 пайызын құрапты. Ал орыстар – 11 пайыз, өзге ұлттар – 7,2 пайыз. Демограф Мақаш Тәтімов бұл санақта қазақтардың 10 пайыздайы қамтылмай қалғанын айтып жүр. 1926 жылғы санақта Қазақстанда қазақтардың саны 3 млн 627 мың 600 адам болған. Бұл барлық тұрғындардың 58,5 пайызы еді. Ал атышулы 1937 жылғы санақ жергілікті халықтың 2 млн 181 мың 520 жан болып (барлық тұрғындардың 42,6 пайызы) азайып қалғанын көрсетті. Оның себебі тарихтан белгілі. Ал 1959 жылы қазақ халқының өз жерінде аз ұлтқа айналып, барша қазақстандықтардың 30 пайызына ғана жететініне көз жетті (2 млн 794 мың 966 адам). Құдайға шүкір делік, осыдан кейін қазақтың үлесі баяу болса да өсумен болды… Өткен жылғы санақ тек Қазақстанда тұратын қазақтың санының 10 миллионнан асқанын көрсетті. 10 млн 98 мың 600 қазақ саналыпты. Ал қанша қазақтың қалыс қалғанын демографтар тиісті тәсілдермен есептеп көреді.
Ауылым – алтын бесігім
2009 жылғы халық санағы ауыл халқының қала тұрғындарынан әлдеқайда қарқынды өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Демек, ауылдың ертеңі бұлыңғыр, халықты жаппай қалаларға көшіру керек дейтін кей білгіштердің пікірінің қате екеніне жаратылыстың өзі көз жеткізіп отыр. 1989 жылғы және 1999 жылғы санақтарда қала тұрғындары ауылдықтардан 2 миллиондай басымырақ болса, соңғы санақ бұл айырманың 1,3 млн адамға дейін қысқарғанын көрсетті. Десе де, урбанизация (ауыл халқының қалаға қоныстануы) ең күшті жүрген аймақ Қарағанды екен. Мұнда тұрғындардың 77 пайызы қалалық болып үлгерген. Ал Алматы өңірінде керісінше, ауыл халқы басым – 76 пайыз.
… Бола берсін көп мейлі
Санақшыларды қыз-келіншектеріміздің өсімі қуантып отыр. Әйгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың:
Әйелдерді еркектерден көп дейді,
Ойбай, ойбай, бола берсін көп, мейлі.
Әйел деген – әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді, –
дейтін шумағы статистика тұрғысынан да қалай дәл айтылған десеңізші. 16 млн 4 мың 800 тұрғынның 8 млн 282 мыңы – әйел, қалған 7 млн 722 мың 800-і ер-азаматтар екен. Яғни әйелдер қауымы ерлерден жарты миллионнан астам көбірек. Әр 1000 әйелге 932 ер адамнан келеді. 1999 жылғы халық санағы да әйел санының басымырақ екенін көрсеткен. Бірақ айырма бұдан сәл-пәл азырақ еді. Әр 1000 әйелге – 929 жігіттен. Сөйтіп, Қазақстан тұрғындарының 51,7 пайызын – әйелдер, 48,3 пайызын ер адамдар құрайтын болып шықты.
Бір қызығы, әйелдер – қалада тұруға, ал еркектер ауылда тұруға әуес көрінеді. Ауылдық жерлерде ер мен әйел саны шамалас: 49,9 пайызы ерлер болса, 50,1 пайызы – әйелдер. Ал қалада қыз-келіншектер көп басымдық танытып отыр: 53,1 пайызы – әйәйлер (Мұқағали ақынша айтқанда)! Демек, ауылда үйленуге мүмкіндігі болмай жүрген жігіттерге қала барып, қыз қарауға кеңес береміз.
Аяғыма кигенім – керзі етік
Жалпы, бұл жолғы халық санағына қатысты сын өте көп. Әсіресе ұлттық халық санағына деп бөлінген қыруар қаражаттың жемқор басшылардың жемсауына түсіп кеткені, турасын айтқанда, елді халықаралық қауымдастықтың алдында ұятқа қалдырды. Неге халықаралық қауымдастық дейсіз ғой. БҰҰ және өзге де халықаралық мекемелер әр мемлекетте өткен халық санағына ыждағатпен қарап отырады. Әлемдегі әлеуметтік-демографиялық ахуалды сараптауда қолданады. Яғни еліміздегі халық санағына бөлінген қаражаттың тағдыры әлемге әйгілі болып үлгергені анық. Сөз реті келгенде айта кетелік, БҰҰ жалпы халық санағын 10 жылда бір рет және, негізінен, 9-ға немесе 0-ге аяқталатын жылы жүргізіп тұруға кеңес береді. Біздегі санақтың өткізілу уақыты осыған толық сәйкес келеді.
Санақ баяғы кеңес заманындағы ескі тәсілмен ғана жүргізілді. Сөмке асынған санақшылар үй-үйді, кеңселерді аралап, тұрғындардан сауалнама жүргізумен ғана шектелді. Бұқаралық сипатта қолданылып жүрген жаңа заман технологиялары қолданылған жоқ. Әлемдік тәжірибе ескерілген жоқ. Мәселен, АҚШ-та әр азамат санақ сауалнамасын өздері толтырып, жібере береді екен. Интернетті қолдануға да болар еді.
Айтпақшы, кеңес кезінде ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс компартия бар-тын. Санаққа қатыспай қалудың жұмысыңызда түрлі «қиындықтар» тудыруы әбден мүмкін еді. Сондықтан жұрт санақшыны өздері күтіп алатын. Қазір қала жұртының есігін аштырудың өзі оңай емес.
Санақ туралы санақ
Ұлттық халық санағына барлығы 80 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Халық санағына республикалық бюджеттен 1 млрд 144 млн теңге бөлінген. Оның 764,8 млн теңгесі жемқорлардың «ханталапайына» түсіп кеткен. Тек 379 млн теңге ғана нақтылы санаққа жұмсалған. http://www.alashainasy.kz/
Бесбоғда АЛТАЙ

Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 186 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: Mirosh, Muratbek, BATYR-KHAN, eren

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: eren

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 2762
Осы ай ішінде: 91
Осы апта ішінде: 22
Кеше: 6
Бүгін: 0