Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда - 8 Февраля 2010 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Жұма, 12.Наурыз.2010, 03:24
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
•  Бір ғалымды Аллаһтың бар екендігіне сендірген жеті себеп
•  Тағдырға иман
•  Әулиені қорлама
•  Үлгі-өнеге көрсете білу
•  Нұр сүресіндегі әуретке байланысты аяттың тафсирі
•  "Иләһ"
сауалнама
Ислам дінінің тамырын қалайша тереңге жаюға болады?
Жауап берілді: 408
 

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 8 » Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда


Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда
23:11
Соңғы кездері Оңтүстікте мешіт­тер саны көбейіп келеді. Ал таяуда Шымкенттегі Гагарин және «Ленинград» көшелерінің қиылысында пирамида пішінді ерекше мешіт пайда болды. Қасындағы азан шақыру мұнарасының көрінісі көкке өрлеген зымыранды көз алдыңа елестетеді. Мұндай жобаны дүниеге келтірген шымкенттік Дәуренбек Ахметов пен ол кісінің досы Амангелді Бердаш деген кісілер.
Мешіттің іші кең әрі таза. Жамағат жиналып намаз оқығанда дыбыс күшейткішті керек етпейді, дауыстар жаңғырып шығады. Ішке жарық төбеге орнатылған пластикалық терезелерден түседі. Мешіттің сырты толықтай кераммогранитпен қапталып, ауланың сырты оюлы темір шарбақпен қоршалған. Қасында жас балаларды оқытатын медресенің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сол жерде жұмыс істеп жүрген бірнеше жігіт мешіт таяуда пайдалануға берілетіндігін айтады. Біз бұдан кейін сол төңіректегі ауыл тұрғындарын сөзге тартып, жаңа мешіт жөнінде пікірлерін сұрадық.
Тұрсынай Әбділ­да­е­ва:  – Бұл мешітті Құрбан айт күні ашылады деп күтіп едік, сәл кешігіп қалды. Енді наурызға ашылады дегенді естіп pyramyda-3қуанып жүрміз. Ауылда мешіттің көп болғаны жақсы. Жастар уақыттарын босқа өткізбей, имандылық жолына түседі. Бұл үшін Дәуренбек бауырыма мың алғыс. Мешіт Оңтүстіктің мақтанышы болатынына сенімдіміз.
Раушанбек Османов:  – Біздің көшеде бұған дейін мешіт болмаған, тұрғындар шайханадағы шағын мешітке баратын. Енді, Құдай қаласа, намазды өз мешітімізде оқитын боламыз. Бұл үшін ауыл тұр­ғын­­дарының Дәуренбек бауырымыз бен оның әкесі Шәкірбай қа­жыға алғыстан басқа ай­тары жоқ.
Сұлтанбек Юлдашов:  – Біз ме­шіттің ашылуын асыға кү­тіп жүрміз. Бұрын ме­шітке өте сирек баратынмын. Енді үйдің қасындағы мынадай керемет мешітке бармасам, тіпті ұят шығар. Сондықтан мешіт ашылса намазды қаза қылмауға дайындалып жүрмін. Дәуренбек ініме айтар алғысым мол. Егер осы жерден тойхана немесе үлкен сауда үйін ашса не істер едік? Жеке өзінің пайдасын емес, халықтың қамын ойлаған осындай азаматтар көбейе берсін деп тілеймін. Тұрғындар қажет болса асар жолымен көмектесуге дайын едік, бірақ Дәу­ренбек барлығын өзі жасағысы келді. Оған Алланың нұры жаусын.
...Расында да қалталы азаматтар тойхана мен зәулім сауда үйлерін сала бергенше осындай халықтың игілігіне жарайтын жұмыстар ат­қар­са нұр үстіне нұр болар еді-ау. http://zamana.kz/

Ұ. ҮМБЕТ.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 168 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: Mirosh, Muratbek, BATYR-KHAN, eren

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: eren

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 2762
Осы ай ішінде: 91
Осы апта ішінде: 22
Кеше: 6
Бүгін: 0