Сіз мұнда "Асыл арна" ислами телеканалының жаңалықтарын оқи аласыз..
Мектеп бағдарламасына енгізілген дінтану негіздері факультативі
Міне бұл мектеп бағдарламасына енгізілген «Дінтану негіздері» факультативінің алғашқы сабақтарынан үзінді. Бүгінгі сабаққа арқау етілген тақырып – «Түркі дүниетанымындағы тәңірлік сенім және діни ілім ерекшеліктері». Мұғалім жаңа сабақты түсіндірмес бұрын алдымен өткен сабақты қайталаудан бастады, яғни фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм, магия секілді алғашқы қауымдық сенімдер жайын талқылады. Осы пәнге деген қызығушылығынан ба оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғанын біз де байқадық. Оқытушының берген сауалдарына тұшымды жауаптар беріп жатты. Жаңа тақырып барысында түркілердің наным-жоралғылары, Тәңірге жалбарынып, құрбандық шалған дәстүрлері жан-жақты баяндалды. Білім министрлігі мәлімдегендей,«Дінтану негіздерін» тарихшы мамандар өткізуі тиіс. Міне, осыған сәйкес қаламызд... Жалғасын оқу »
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан әлем жұртшылығы зор үміт күтеді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуінен зор
үміт күткен әлем жұртшылығының сенімін онан сайын арттырды. Мемлекет
басшысының жақында «Известия» газетіне берген сұхбатын оқыған сарапшылар
осылай деп отыр. Саясаттанушылардың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев
Ресейлік басылымға берген сұхбатында Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету барысында атқаратын шараларына
кеңінен тоқталған. Әсіресе, жас та болса бас болуға бел буған
мемлекеттің Азия мен Еуропа, мұсылман және христиан өркениеттерін
жақындастырып, ұлтаралық, дінаралық татулықты насихаттауы ұйымға мүше
елдердегі осы тектес проблемалардың шешілуіне септігін тигізеді-дейді
сарапшылар. Сондай-ақ, мемлекет басшысы сұхбатында Қазақстан үкіметінің
бір жыл ішінде адам саудасы, экология, бала құқығын қорғау, Ауғанстан
проблемасын шешуге бар к... Жалғасын оқу »
Гаитиде зілзала құрбандарының саны 200 мыңнан асты
Гаитедегі зілзала құрбандарының саны 200 мыңнан асты. Бұл туралы
ресми мәліметті ел үкіметі жариялап отыр. Премьер-министрдің айтуынша,
көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, үйінділер астында талай адам
жатыр. Басшылық іздеу-құтқару операцияларын тоқтатып, мемлекетті қалпына
келтіру жұмыстарына кірісті. Бірақ, жүздеген мың адам баспана мен
емханаға, дәрі-дәрмекке, азық-түлік пен ауыз суға зәру. Сондықтан,
Порт-о-Пренсте ас-су үшін қақтығыстар белең алып келеді.