[21.10.2009.] Өрт сөндірушіге намаз оқуға болмай ма? - 21 Октября 2009 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:28
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Араб тілінде қаншалықты еркін сөйлейсіз?
Жауап берілді: 716
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 21 » [21.10.2009.] Өрт сөндірушіге намаз оқуға болмай ма?


[21.10.2009.] Өрт сөндірушіге намаз оқуға болмай ма?
09:22
Еліміздің дінге қатысты «заң-зәкүндерінің» басы бір қазанда піспейтіні, біріне-бірі қайшы келетіні, қалай исең, солай майыса салатын солқылдақтығы туралы аз жазылып жүрген жоқ. Әйтсе де одан нәтиже шықпай-ақ тұр-ау. Тіпті бұл бағыттағы проблемалар өршіп, түрленіп барады. 
Осындай шулы оқиғалар жиі көрініс беріп жүрген жер - Қарағанды. Бұл жақта Грейс, Саентология, Ата жолы сияқты жат ағымдардың әлегін былай қойғанда, ата дініміз - Исламды ұстанушылар төңірегінде де жанжал аз болған жоқ. Биылғы жылы хиджаб турасындағы әңгіме бірталай дау туғызған болса, енді намазға жығылушыларға қатысты қарама-қайшылықтар қылаң берді.
«Дайрабайдың көк сиыры» бұл жолы Қарағанды облысының өрт сөндіру бөлімдерінің бірінде қызметкерлердің жұмыс орнында намазға жығылғаны болып отыр. Бес уақыт намазын қаза қылмаймын деген екі өрт сөндіруші жұмысынан «жылжытылыпты».
Тамырын қанша бассақ та, Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жауап беруде сараңдық танытты. Болған жайттың бүге-шігесін бүркемелегісі келетін сияқты ма, қалай..? Тақымдап қоймағасын ғана, там-тұмдап мәлімет берген болды.
- Оқиға облыстың Приозерск қаласындағы өрт сөндіру мекемесінде болған, - дейді Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Валерий Кривега. - Екі қызметкер жұмыста намаз оқыған көрінеді. Акт залында өздеріне құлшылық орнын жасап алған. Ђзіңіз де түсінесіз, біз деген погон таққан адамдармыз... Олар шешендердің.., исламдық хизбут тахрирдің, вахаббизмнің ықпалына бой ұрған. Бірақ олардың бұл экстремистік топтың құрамына енгенін, тізімде тұрғанын дәлелдейтін факті жоқ. Тек олар діни ағымның ықпалына берілген де, намаз оқыған. - Сонда олардың нақты заңды бұзған тұсы қайсы?
- Жоқ... Бұл... қалай айтсам екен... Түсінесіз бе, олар қызметте жүр. Қызметте жүріп, мұндаймен шұғылдануға... Бізде әскери жарғы бар. Әрине, ешкім ешкімге намаз оқуға тыйым салмайды. Бірақ діни жораларды қызметте жасаған дұрыс емес қой.
- Оларға қандай да бір шара қолданылды ма?
- Оларды жұмыстан шығарған жоқ. Тек басқа бөлімге ауыстырған. Екеуін бір жерге жіберді ме, екіге бөліп тастады ма, оны қазір айта алмаймын. Тек басқа бөлімге ауыстырғанын анық білемін.
Департаменттің баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова болса, біздің баржоғы үш сұрағымыздың үштен екісін жауапсыз қалдырды. «Білмеймін» дейді, «Не үшін?» дейді. Сосын:
- Қайтесіз оны?! Бұл - біздің ішкі мәселеміз. Сондықтан ешқандай мәлімдеме жасағымыз келмейді, - деп шолақ қайыра салды.
Бұл мәселеге дін өкілдерінің пікірін білмек болғанбыз:
- Біз діни емес, зайырлы мемлекетпіз. Заңға бағынған дұрыс. Өрт сөндірушілер әскери тәртіппен жұмыс істейді, үнемі жаттығу үстінде болады. Сондықтан ол жерде ішкі жарғыға бағынған жөн. Бірақ келісіп пішкен тон келте болмас. Мұсылманға намаз оқу - парыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жылан шағайын деп жатса да, намазды бұзба» деген. Ата заңымыз діни наным-сенімге шектеу қоймайды. Тіпті еңбекпен түзету мекемелерінде де мешіттер бар. Ђрт сөндіру мекемесі одан сорлы емес қой. Сондықтан дін өкілдерімен ақылдаса отырып, намаз бөлмесін ашса да болар еді... - дейді Қарағандының Бала қажы атындағы мешітінің имамы Серік Ілияс.
Айналып келгенде, дін турасындағы осындай айтыс-тартыс, жанжалдың түп-төркіні еліміздің заңдарындағы шикілікте, бұл бағыттағы шаралардың жүйесіздігінде жатқаны хақ. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңның 3-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы, дінге деген, Құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді» деп жазылған. Осы заңның 12-бабында да: «Азаматтардың діни жоралар мен рәсімдер жасауға және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, қартайғандар мен мүгедектер үйлерінде, алдын ала қамау және жазаны өтеу орындарында оларға қатысуға қақысы бар» делінген. Ендеше, «төтеншеліктер» неге намаз оқуға қарсы?
Төтенше жағдайлар қызметінің өз уәжі дайын: «Өртке қарсы қызмет мекемесінің ішкі жарғысы бар. Соған бағынуға тиіс» дейді. Бұл да дәлелсіз емес.
Бұл жерде бірі - «болады» деп, екіншісі - «болмайды» деп байбаламдағанымен, екі тараптың да табан тірер жері нық емес. Ђйткені заң былқылдақ. Қалай қарай игің келсе, солар қарай қисая салады.
Түймедейді түйедей етпек ниетіміз жоқ. Бірақ сол түймедейіңіз түйедейге бәрібір айналайын деп тұр-ау. Біздің ойымызша, жоғарыдағы жайт Жанна ханым айтқандай, «Төтенше жағдайлар комитетінің ішкі мәселесі» емес. Дінге жүйелі бақылаудың болмауынан туындаған осы секілді оқиғалар жұртшылықтың Исламға деген көзқарасын өзгертуде. Заңның кемістігі азаматтардың діни наным-сенім бостандығына шектеу қоюмен қатар, олардың әсіре діншілдіктің, түрлі жат ағымдардың ықпалында кетуіне де әсерін тиігізіп отыр. Күні ертең «жау кеткенде қылышыңды б.... шаптың» кері келіп жүрмесе болды.
Қамбар АХМЕТОВ. Қарағанды облысы "Айқын" 20.10.09.

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 528 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0