[23.10.2009.] Адасқандар - 23 Октября 2009 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:30
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Хижабқа байланысты қысым көрдіңіз бе?
Жауап берілді: 181
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 23 » [23.10.2009.] Адасқандар


[23.10.2009.] Адасқандар
19:51
Есіміз кіріп, етек-жеңімізді жиғалы бері өмір өзенінде талай тегеурінді толқынның астында қалып кеттік. Суреттеп айтқанда сенім атты падишамыз ылайланбай қалған кезі аз. Оң мен солын танымаған кезімізде біздің үйге әлдебір кітап келді. Оны кім әкелді, қайдан келді, кім сыйлады, есімде жоқ. Бар білетінім, өзімнен үш жас үлкен ағам әлгі кітапты таң атқанша маған оқып берген-ді. Оқиғасы тартымды, суреті қанық сол кітаптың Иса Мәсіх жолын уағыздайтынын ол кезде мен қайдан білейін. «Керқұла атты Кендебайды» оқып иланғандай сезімде болдым. Сендім. Санамдағы сенім атты ақ параққа дақ түсті. 

Аяқтың астындағы көр...
Есіміз кіріп, етек-жеңімізді жиғалы бері өмір өзенінде талай тегеурінді толқынның астында қалып кеттік. Суреттеп айтқанда сенім атты падишамыз ылайланбай қалған кезі аз. Оң мен солын танымаған кезімізде біздің үйге әлдебір кітап келді. Оны кім әкелді, қайдан келді, кім сыйлады, есімде жоқ. Бар білетінім, өзімнен үш жас үлкен ағам әлгі кітапты таң атқанша маған оқып берген-ді. Оқиғасы тартымды, суреті қанық сол кітаптың Иса Мәсіх жолын уағыздайтынын ол кезде мен қайдан білейін. «Керқұла атты Кендебайды» оқып иланғандай сезімде болдым. Сендім. Санамдағы сенім атты ақ параққа дақ түсті. Иә, ол кезде аспантаулардың етегінде ұлттық сананы улайтын жандар жоқ болатын. Егерәки, бар бола қалған жағдайда менің өмірім солардың шырмауында қалар еді. Сосын Алланың несібесін Алматыдан теріп жеу бақыты бұйырды. Жедік. Алматының қақ ортасындағы мектепте бізбен бірге корей баласы оқыды. Аты — Фил. Хуон Хеһ Фил. Бұл — Горный Гиганттағы әлдебір шіркеудің басшысының баласы. Әр жексенбі күні құдайға құлшылық ететінін мақтана жеткізетін. Қызықтық. Бірақ, Хақ-Тағаланың құдіретімен ол шіркеудің дәмі бұйырмады. Бұйырмағаны бек жақсы болыпты.
Біз де өзге балалар секілді сегізінші-тоғызыншы сынып оқып жүріп алғаш ғашық болдық. Көршінің қызына. Сол тұстағы Бекжан Әшірбаевтің танымал әнінде айтылатындай «әкесі оның жақсы адам болатын». Менен екі жас кіші қыз тым әдемі еді. Біздің қоғам сондай. Әкесі — өзге ұлт өкілі, шешесі — қазақ. Шешесін қайдам, қыз ана тілімізге жүйрік-тін. Бір күні тосын оқиға болды. Мені өзінің достарымен таныстырмақ болды. Өзімізді кәдімгідей жігіт санап жүрген шақ. Күн жексенбі еді. Бардым. Қайда дейсіз бе? Тура шіркеуге. Ол кезде азын-аулақ ислам діні жайлы тиіп-қашып бірдеңелерді оқып қалған едік. Соның арқасында аман қалдық. Рас. Біз жанымызды арашалағанмен, біз секілді қанша жан өрмекшінің торында шыбын жанын пида етті екен? Осы сауал мазалайтынды шығарды. Мазаламағанда ше? Біздің сол тұста бір көршіміз болған-ды. Балалары әке-шешесіне қарамай, өзге дінге өтіп кеткен. Қауқардан айрылған екі қарттың жайын суреттеудің өзі қорқынышты. Әр басқан қадамымыз көрге айналғанын сезіне бастадық. Сезінгенен соң, оларды терең танып білуге құмарттық. Содан бері соқа басымыздан біраз жайлар өтті. Жалғасы мұнда..

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 522 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0