[28.10.2009.] Дін істері жөніндегі агенттіктің міндеттері қандай болуы керек? - 28 Октября 2009 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:31
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Интернетте күнінде қанша сағат отырасыз?
Жауап берілді: 496
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 28 » [28.10.2009.] Дін істері жөніндегі агенттіктің міндеттері қандай болуы керек?


[28.10.2009.] Дін істері жөніндегі агенттіктің міндеттері қандай болуы керек?
18:45
Дін істері жөніндегі агенттіктің міндеттері қандай болуы керек?
Сағынбек Тұрсынов, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Біз – әлемдегі басқа мемлекеттерден көпұлтты, көп конфессиялы қоғамымызбен ерекшеленетін елміз. Тәуелсіздік алған жылдары Батыстың белді сарапшылары біздің елдігімізге күмәнмен қарағаны жасырын емес. Елбасының Ассамблея құру идеясы арқылы ұлтаралық қауіпті істерден аман шықтық. Қаншама ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп отырғанын бүгінде бүкіл әлем көріп отыр. Жақында өткен Ассамблеяның кезекті жиынында бұған көзіміз анық жетті. Енді сол басқосуда Президент елімізде дін істері жөніндегі агенттік құру туралы тағы бір тың идеясын ортаға салды. Бұл, әлбетте, қолдайтын бастама. Себебі қазір елімізде бірнеше конфессия өкілдері ғұмыр кешеді. Сонымен қатар жыл сайын саны артып келе жатқан түрлі миссионерлер бар. Менің ойымша, жаңа агенттік құрылса, дәстүрлі діндерді қорғап, олардың арасындағы ауызбіршілікті нығайтуға күш салу керек. Ал мысықтілеу миссионерлердің көсіліп жұмыс істеуіне тыйым салып, олардың ісіне қатаң бақылу орнатуды қолға алу керек сияқты.

Сайын Борбасов, саясаттанушы:
– Президенттің бұл ұсынысы дер кезінде айтылды деп ойлаймын. Себебі кейінгі кезде біздің қоғамдағы діни ахуал өзгеріп барады. Бұл уақыт өте келе ұлтымызға, тұтас еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Өзге секта өкілдерінің арандатушы жұмыстарын айтпағанда, дәстүрлі діндердің өзінде бөлінушілік орын алып жатыр. Меніңше, жаңа агенттік құрылса, осындай олқылықтардың орнын толықтыруы тиіс. Біріншіден, дін туралы заңды реттеумен айналысуы қажет. Екіншіден, дәстүрлі діндерді халыққа насихаттау жұмыстарын қолға алу керек. БАҚ арқылы қай діннің ақ, қай діннің қара екенін халыққа түсіндіру шарт. Сонымен қатар нақты статистикамен, зерттеумен айналысатын шығар. Себебі бізде мұсылмандардың үлесі 70 пайыз деп айтылады. Ал қазақтың саны 67 пайызды құрады. Басқа дінге өтіп кеткендерді есептемегенде, біздегі түркітілдес ұлт өкілдерінің барлығы ислам дінін ұстанады. Менің ойымша, қазір мұсылмандар халықтың 75-77 пайызын құрайды. Міне, осындай нақты зерттеулермен айналысса да, артық етпейтін еді. Себебі дін де – идеология ғой.

Марат Тоқашбаев, журналист:
– Елбасы дін туралы агенттік құру туралы жақсы айтты. Бұл құзырлы орган, негізінен, рухани мәселелерді реттей отырып, қоғамдық келісімді нығайтуды негізге алу керек. Ал қоғамдық келісімді дамыту үшін бір ғана дін мәселесі аздық етеді. Еліміздегі тыныштықты қамту үшін ол агенттік мемлекеттік тіл мәселесін де ұмыт қалдырмау керек деп ойлаймын. Қанша жылдан бері қабылданбай келе жатқан діндер туралы заңның мақұлданып, халыққа қызмет етуін қадағаласа екен деймін. Дін мәселесі өте нәзік. Сондықтан агенттік құру арқылы еліміздегі дәстүрлі діндердің дамуына үлес қосуы қажет.
Әзірлеген Жарқын Түсіпбекұлы. Алаш айнасы.

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 437 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0