Ауданның ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қазанның 27-күні Иіржар ауылдық округінің тұрғындарымен әділет басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен «Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңесте басқарманың діни істер саласына жауапты басқарма бастығының орынбасары А.Байжанов өз баяндамасында қазақ халқы ежелден ислам дінін ұстанғаны белгілі. Ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп отырған.Олар кез-келген нәрсені адал мен арамға, жақсы мен жаманға, обал мен сауапқа бөліп қарастырған. Әйтседе, егемендік алған жас мемлекеттің рухани бірлігіне нұқсан келтіруді көздеген өзге ағым өкілдері елімізге жан-жақтан ағыла бастады.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері қаншама қаракөз бауырларымыз басқа діннің шылауында кетті.Пайғамбарымыз «тал бесіктен жер бесікке дейін ілім үйрен » дейді.Сондықтан да шыр етіп дүние есігін ашқаннан нәресте бүкіл ғұмыр жолында білім алуға ұмтылады.Сол жолда ауыл мен қалаларды аралап, тегін діни кітаптар таратып жүрген миссионерлердің құрығына түсіп қалмауы үшін ақыл-есі толысқан әр азаматтың діни сауаты болғаны жөн екендігін. Ал, аудандық ҰҚК-нің өкілі Д.Қарабаев Ата заңымыз бойынша дің мен мемлекет бөлек болғанымен, дің мемлекеттің ішінде дамиды. Сондықтан, құқық қорғаушылар діни экстремизмнің алдын-алу бағытында діни бірлестіктірдің қызметіне әрдайым талдау жасап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп отыратындығын айтып өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы И.Есенбеков осы ұйымдастырылып отырған іс-шарамыз бейбітшілік пен ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен ұлтаралық ынтымақтастықты сақтап, экстремизм, сеператизм және терроризммен күресті одан әрі дамыту бағытында жасалып отырғандығын атап, кеңесті қорытындылады. ҚР Әділет Министрлігі.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.