[29.10.2009.] Елімізде жасөспірімдер сыраның тәуелділік қармағына түсуде - 29 Октября 2009 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:19
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Сіз қандай браузер қолданасыз?
Жауап берілді: 622
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 29 » [29.10.2009.] Елімізде жасөспірімдер сыраның тәуелділік қармағына түсуде


[29.10.2009.] Елімізде жасөспірімдер сыраның тәуелділік қармағына түсуде
08:36
Қазақстанда алкоголь проблемасы әлі де өзекті болып отыр. Елімізде жас буын арасында сыраны тұтыну көбейіп, олар тәуелділік қармағына түсуде.  Бұл туралы бүгін «Қазақстанда алкогольді тұтынуды төмендету: ақиқаты мен болашағы» атты "Алкогольді тұтынудан бас тарту» күніне арналған баспасөз мәжілісінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының бас директоры Сәуле Диқанбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9,4, ал жасөспірімдердің - 21,3, жастардың 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. 2007 жылғы орталықтың зерттеулері бойынша Қазақстан халқының 35,6 пайызы алкогольді ішімдіктерге бейім.Бүгін «Алкогольді тұтынудан бас тарту күніне» орай барлық елдерде жастар арасында, «Біз бірігіп темекіні, алкогольді және есірткілерді жеңеміз» атты акциялар, баспасөз мәслихаттары, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тренингтер және тағы да басқа шаралар өткізілуде. АЛМАТЫ. ҚазАқпарат.

Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 515 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0