Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа лайық. Пайғамбар Мұхаммадқа, оның сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын! Ертеде бір топ адам түн ортасында тастақ жолмен келе жатыпты.Кенет аспаннан біреу дауыстап: "кімде кім жолдарыңдағы тастардан алсада алмасада артынан өкінеді" депті.Адамдардың есі шығып, бұл қалай болғаны алсақ ба алмасақ ба деп көп ойланады.Ең соңында кейбіреулері алып кейбіреулері алмай құр алақан үйіне қайтады.Тәңертеңінде тастан алған адамдар үйіне келіп қараса әлгі тастар алтынға айланыпты.Тастан алмаған адамдар алғдандардың алтынына қарап: "әттегенай біраз тас неге алмадық екен"-деп өкіне бастайды.Ал тастан алған адамдарда: "әлде көбірек тас неге алмадық екен" деп өкіне бастайды.Алғаны да алмағаны да әлгі дауыстың айтқанындай өкініште қалады.Мұсылман ағайындар: Дәл бұл сәт Ақірет Күнінде біздің басымызға да келеді дегенді ұмытпағайсыз!
Бұл турасында Қасиетті Құран Кәрімде баян етілген: «Қашан оларға өлім келген сәтте: Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы амал істермін.» (Мүминұн сүр. 99-100 аят.)
Және де Пайғамбарымыз (с.ғ.с ) : «Өлімнен кейін өкінбейтін адам табылмайды. Тура жолдағының өзі жақсылықты барынша көбірақ жасай алмағаны үшін өкінеді. Зұлымдық жасағандар жамандықтан нәпсісін тыя алмағаны үшін өкінеді»-деген. (Имам Тирмизи «Зухд» 55, 2405,) Бұл өмірдегі уақытын керексіз пайдасыз нарселерге жұмсаған адамдар, бұл өмірдегі уақытын тек Алла жолында жұмсаған адамдардың Жәннаттағы керемет, жақсы жағдайларына қарап, бізде осылар сияқты болмадық па деп өкінеді.
Ал Жәннаттан жақсы орын алғандардың өзі, өздерінен де көп имандылық еткендердің Жәннаттағы өте жоғары деңгейлеріне қарап "Әттегенай, алде біраз имандылық етіп Алла жолымен жүрмегеніз ай" деп өкінеді.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.