|
|
 |
|
 |
Негізгі бет » Жаңалықтар мұрағаты
| Әлем жаңалықтары [549] ТМД, Европа, Америка, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Араб әлемі және т.б. елдерден хабарлар... | ҚМДБ жаңалықтары. [61] "Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының" жаңалықтары, хаттамалары және қаулылары. | Білгім келген бір сұрақ.... [21] Сайтымызға келген хат қоржын.. | | Еліміздің соңғы жаңалықтары [437] Қазақ Елінің аймақтарынан келген соңғы діни және басқа да жаңалықтар бөлімі.... | Видео жаңалықтар бөлімі [13] Ғаламтордағы вебторабтардың видео жаңалықтары (қазақ, орыс, түрік және т.б. тілдерде) | Хабарландырулар, құттықтаулар [74] Еліміздің телеарналары мен радиотолықандарында берілетін мұсылманша діни бағдарламалар жайлы және басқа да мағлұматтар, құттықтаулар. | | ТМД жаңалықтары [68] Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше елдердің діни және басқа жаңалықтары. | Орта Азия жаңалықтары [14] Өзбек, қырғыз, тәжік, әзірбайжан, түркімен елдерінен келген соңғы жаңалықтар бөлімі | Уағыз-насихат бөлімі [142] Аллаһ тағаланың құзырында қабыл болатын дін, тек Ислам ғана. | | Өзекті мәселе.... [300] Сіз бұған не дер едіңіз? Пікіріңіз құр қалмасын! | ҚазНеттегі діни сайттар [1] Бұл бетте ҚазНеттегі діни сайттар, жаңадан ашылған діни сайттар жайлы біле аласыздар.. | Асыл арна жаңалықтары [4] Сіз мұнда "Асыл арна" ислами телеканалының жаңалықтарын оқи аласыз.. |
« 1 2 3 4 5 ... 170 171 »
|
Биологиялық соғыс Доңыз тұмауы туралы шындық | |
Өткен жылдан бері бүкіл адамзат баласында үрей отын туғызумен келе жатқан H1N1 «шошқа тұмауының» пандемиялық (Пандемия дегеніміз - жұқпалы аурудың дүние- жүзіне таралуы немесе үлкен аумақта таралуы) вирусын жасаған фармакологиялық картельдің (картель - монополияның бір түрі, әрбір өндіріс саласындағы ірі өнеркәсіп иелерінің нарыққа үстемдігін және соған өзара келісушілердің тауарға бірыңғай нарық қойып, пайда түсіруін қамтамасыз ету үшін жасалған келісімі. Мысал үшін, жанар-жағармай станциялары қожайындарының бірігіп, бір жоғарғы бағаны ұстауға және ол бағаны нарықтан түсірмей тұру жөнінде жасасқан келісімдерін - картель деп атауға болады. Д.М.) беті ашылды. АҚШ. Калифорния штаты, Лос-Анджелес қаласы. Дүниежүзінің жасырын фармакология өнеркәсібін ашумен шұғылданатын әйгілі маман... Жалғасын оқу »
|
|
|
Соңғы елу жылдың ең мықты жер сілкінісі (Чилиде зілзала) | |
Әлем Гаитиден кейін екінші үлкен зілзаланы басынан өткізуде.Чилиде эпид орталығы астана Сантьягоның 325 км оңтүстік батысындағы Conception қаласының маңын болып табылатын зілзаланың күші Америка Геологиялық зерттеу мекемесі тарапынан 8. 8 балл деп мәлімденді.Зілзалада үш жүз адам қаза тапты. Шамамен бір жарым минут шайқаған зілзала кезінде халық ұйқыда болатын.Қала орталығында жолдар ортадан қақ айрылды. Көптеген ғимарат жермен-жексен болды. Табиғи газ құбырлары тесіліп, үлкен өрттер шықты. Үлкен көпірлер бөлшектеніп, өзен суына құлады. Астанада да шығын бар. Жер бетінің 35 км астында болға... Жалғасын оқу »
|
|
|
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді | |
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дінімізді көркем сөзбен өрнектеп, кеңінен насихаттау мақсатында діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мүшәйра мына тақырыптарды қамтып өткізіледі:
1. «Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десейші»; 2. «Әз Пайғамбар Мұхаммед (саллаллаху алейхи уәсәлләм)»; 3. «Көркем мінез - көркіміз»
Жыр сайысына түсетін өлеңдерді танымал ақын-жазушылар мен дін мамандарынан құралған қазылар алқасы сараптайтын болады. Осыған орай ниет білдірген ақындар 2010 жылғы мамырдың 1-іне дейін muftyat@mail.ru электронды поштасына өлеңінің толық нұсқасын жіберуі тиіс. Мүшәйра шарттары бойынша бәйгеге түсетін өлеңнің көлемі екі беттен аспайтын әрі ақынның өлеңдерінің мәтіні бұрын жарияланбаған болуы тиіс.
Мүшәйраның жүлделері:
І орын - Үлкен қажылық;
ІІ орын - Умра... Жалғасын оқу »
|
|
|
Көкейдегі сауал | |
Халыққа қызмет көрсететін мекемелерге мамандар алу кезінде оларға неге мемлекеттік тілді білу талабы қойылмайды, әлде бұл шенеуніктердің немқұрайдылығы ма? Мырзакелді КЕМЕЛ, қоғам қайраткері: - Бұл мәселе қазір Астанада өте өзекті мәселелер қатарында. Себебі қазір мұнда ауылдан келген қазақтар, қазақ тілділер өте көп. Орыс тілін білмейтін шеттен келген қандастарымыз бар. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орындарындағы қызметкерлердің қазақ тілін білуі тиіс. Ол үшін, ең алдымен «Тіл туралы» заңға «Халыққа қызмет ететін мекеме қызметкерлері қазақ тілін білуі шарт» деген бап енгізілуі керек. Ал билік органдары мен әртүрлі мекеме басшылары «заң жоқ» деп қарап отырмай, мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді өздері шешуі керек, қандайда бір қаулылармен, бұйрықтармен реттеп отыруы тиіс. Олар мама... Жалғасын оқу »
|
|
|
Жеке нөмір алуға асығыңыз! | |
Тамыз айының орта шенінен бастап қазіргі қолданыстағы әлеуметтік жеке код (СИК) пен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН) өз күшін жояды. Ал олардың ортақ қызметін жеке идентификациялық код атқаратын болады. Егер аталған мерзімнен кейін де жеке төлқұжатыңызда код болмайтын болса, төлем төлеу, ақша аудару, несие алу, хал-актілерін жасау секілді әлеуметтік қызметтерді пайдалану құқығынан айырылып қаласыз. Сондықтан оқырмандардың мәселеге мұқият назар аударуын сұраймыз. Рас, ел халқының үлкен бөлігінің төлқұжатында жеке код қазірдің өзінде бар. Өйткені Әділет министрлігінің хабарлағанындай, 12 цифрдан тұратын бұл код жеке құжаттарға 1997 жылдан бастап қойыла бастаған. Ал араға он жыл салып, 2007 жылы арнайы коды жоқ төлқұжаттарды қайта рәсімдеу жұмыстары жүргізіле бастады. Мұндай қайта рәсімделген төлқұ... Жалғасын оқу »
|
|
|
Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда | |
Соңғы кездері Оңтүстікте мешіттер саны көбейіп келеді. Ал таяуда Шымкенттегі Гагарин және «Ленинград» көшелерінің қиылысында пирамида пішінді ерекше мешіт пайда болды. Қасындағы азан шақыру мұнарасының көрінісі көкке өрлеген зымыранды көз алдыңа елестетеді. Мұндай жобаны дүниеге келтірген шымкенттік Дәуренбек Ахметов пен ол кісінің досы Амангелді Бердаш деген кісілер. Мешіттің іші кең әрі таза. Жамағат жиналып намаз оқығанда дыбыс күшейткішті керек етпейді, дауыстар жаңғырып шығады. Ішке жарық төбеге орнатылған пластикалық терезелерден түседі. Мешіттің сырты толықтай кераммогранитпен қапталып, ауланың сырты оюлы темір шарбақпен қоршалған. Қасында жас балаларды оқытатын медресенің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сол жерде жұмыс істеп жүрген бірнеше жігіт мешіт таяуда пайдалануға берілетіндігін... Жалғасын оқу »
|
|
|
Жыры мол болған санақтың соңғы сыры | |
Сонымен біз қаншамыз? 2009 жылғы ақпанда жүргізілген ұлттық халық санағынан басты күткеніміз – осы сұрақтың жауабы болатын. Нақтыланған ресми жауап сарылтып ұзақ күттірді. Тұп-тура 11 айдан кейін ғана негізгі көрсеткіштер жария етілді. Тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағының түпкілікті есебінше, Қазақстан тұрғындарының саны – 16 млн 4 мың 800 адам болған. Бұл – санақ жүргізілген 2009 жылғы ақпанның 24-інен 25-іне қараған түнгі 24.00 сағаттағы жағдай. Санақтың есеп-қисабын шығарғанша, тағы біраз уақыт зыр етіп өте шықты. Cтатистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың мәліметінше, 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 16 млн 196 мың 800 адамды құрады. Бұл – халық санағы нәтижелерін ескере отырып, нақтыланған ағымдағы дерек. Яғни... Жалғасын оқу »
|
|
|
Жат көзілдірік киген жігіттер немесе «Шайтанхананы» оқығаннан кейінгі ой | |
«Өмір ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік. Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік» демекші, егер біз (күллі адамзат) өлімнің бар екенін сезбесек, бұл өмірдің мағынасын түсінбес те едік. Дәл осы түсінбестіктен шығады, адам болған соң пендешілік белең алмай қоймайды. Оған шырмалып қалудан оңай нәрсе жоқ. Әйткенмен, пендешілік құр-сауынан құтылудың да жолы жоқ емес. Ол жол – хаққа бет бұру. Соңғы жылдары қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарқ болып, материалдық тұрғыда мерейіміз өсе түскенімен, кері-сінше, рухани тұнығымыз лайланып, имани болмысымызды кір шалуда. Әсіресе, қазақы менталитетімізге жат бей-әдеп қылықтар жанымызға қаяу түсіріп жүр. Жат діни ағымдардың жәдігөйлігі жұртымыздың жадын улап, тура жолдан тайдыруда. Мәселен, тобымызда бірге оқыған құрбымның бірі иегово куәгеріне айналып, бірі ... Жалғасын оқу »
|
|
|
Қатерлі ісік қыз-келіншектерді қырына алып тұр | |
Болашақта Алматы қаласында онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға арнайы «хоспис» ашылуы мүмкін. Қалалық денсаулық сақтау департаментінің мәліметтері бойынша, қазіргі кезде тек Алматыда тіркелген 200-ден аса бала осындай арнайы мекемеде ем алуды қажет етеді екен. Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған жиында «Здоровая Азия» қоғамдық қорының өкілдері қалалық денсаулық сақтау департаментімен тізе қосып, балаларға арнайы мекемені ашу мақсатында «Мен сенімен біргемін: Хоспис - балалар үшін» қозғалысын ұйымдастырып отырғандықтарын айтады. Өйткені науқастардың ең қорғансыз тобы - емделуге келмейтін онкоауруларға шалдыққан балалар. Олардың қатерлі дертпен күресуіне барлық жағдайды жасау үшін осындай емдеу мекемесін Алматыда, одан кейін өзге аймақтарда ашу қажет. Хосписте амбула... Жалғасын оқу »
|
|
|
Мектеп бағдарламасына енгізілген дінтану негіздері факультативі | |
Міне бұл мектеп бағдарламасына енгізілген «Дінтану негіздері» факультативінің алғашқы сабақтарынан үзінді. Бүгінгі сабаққа арқау етілген тақырып – «Түркі дүниетанымындағы тәңірлік сенім және діни ілім ерекшеліктері». Мұғалім жаңа сабақты түсіндірмес бұрын алдымен өткен сабақты қайталаудан бастады, яғни фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм, магия секілді алғашқы қауымдық сенімдер жайын талқылады. Осы пәнге деген қызығушылығынан ба оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғанын біз де байқадық. Оқытушының берген сауалдарына тұшымды жауаптар беріп жатты. Жаңа тақырып барысында түркілердің наным-жоралғылары, Тәңірге жалбарынып, құрбандық шалған дәстүрлері жан-жақты баяндалды. Білім министрлігі мәлімдегендей,«Дінтану негіздерін» тарихшы мамандар өткізуі тиіс. Міне, осыған сәйкес қаламызд... Жалғасын оқу »
|
|
|
|
|