Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді - 24 Февраля 2010 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:16
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Сіз қандай браузер қолданасыз?
Жауап берілді: 622
 

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 24 » Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді
22:50
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дінімізді көркем сөзбен өрнектеп, кеңінен насихаттау мақсатында діни өлеңдер мүшәйрасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мүшәйра мына тақырыптарды қамтып өткізіледі:

1. «Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десейші»;
2. «Әз Пайғамбар Мұхаммед (саллаллаху алейхи уәсәлләм)»; 
3. «Көркем мінез - көркіміз»

Жыр сайысына түсетін өлеңдерді танымал ақын-жазушылар мен дін мамандарынан құралған қазылар алқасы сараптайтын болады. Осыған орай ниет білдірген ақындар 2010 жылғы мамырдың 1-іне  дейін muftyat@mail.ru электронды поштасына өлеңінің толық нұсқасын жіберуі тиіс. Мүшәйра шарттары бойынша бәйгеге түсетін өлеңнің көлемі екі беттен аспайтын әрі ақынның өлеңдерінің мәтіні бұрын жарияланбаған болуы тиіс.

Мүшәйраның жүлделері:

І орын - Үлкен қажылық;

ІІ орын - Умра қажылығы;

ІІІ орын (3 ақынға) - 150 000 теңгеден;

Ынталандыру сыйлығы (5 ақынға) - 50 000 теңгеден.

Сонымен бірге, мүшайра жеңімпаздары арнайы ұйымдастырылған діни әндер фестивалінде марапатталады. Марапаттау кешіне еліміздің зиялы қауым өкілдері, әйгілі әншілер мен атақты сазгерлердің қатысуы жоспарланып отыр. Сәтті жазылған өлеңдер әуенмен әрленіп, әйгілі әншілерге орындауға беріледі.
inform.kz
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 454 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0