Қазақстанда Құран сүрелері «экстремистік» сипаттан толықтай арылды - 16 Декабря 2009 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:11
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Интернетте күнінде қанша сағат отырасыз?
Жауап берілді: 496
 

Негізгі бет » 2009 » Желтоқсан » 16 » Қазақстанда Құран сүрелері «экстремистік» сипаттан толықтай арылды


Қазақстанда Құран сүрелері «экстремистік» сипаттан толықтай арылды
07:36
Астана сотының шешімімен, жалпы саны 53 материал экстремистік әдебиеттер тізімінен шығарылды. Олардың арасында Құран сүрелерінің аудиотаспалары да бар. Осыдан бес ай бұрын дәл осы сот елде пайдалануға тыйым салынғандар тізіміне Құран сүрелерін қосып қойғаны қоғамда наразылық тудырған еді.

ҚҰРАН СҮРЕЛЕРІ ҚАУІПТІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНЕН АЛЫНДЫ

Астана қаласының соты, Бас прокуратураның бастамасымен, ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы сот шешімін қайта қарады. Сот шешімі осыдан екі апта бұрын шығарылған. Бірақ ол туралы ақпаратты Қазақстанның бас прокуратурасы ресми сайтында желтоқсанның 14-күні жариялады.

«2 желтоқсанда сот істі қайта қарауының нәтижесі бойынша, бұған дейін экстремистік деп танылған 53 материалды, соның ішінде белгісіз кісілердің Құран сүресіне берген түсініктемелерінің дыбыс таспаларын, ол тізімнен алып тастау туралы жаңа шешім шығарылды» делінген ресми сайтта орналастырылған мәліметте.

Осылайша Құранның «Ахкаф», «Мухаммад», «Фатх», «Хужрат», «Каф», «Табарак», «Қалам», «Хакка», «Маариж», «Нух», «Музаммиль», «Муддасир», «Қияма», «Инсан», «Мурсалат», «Аль-Бақара» сияқты бірқатар сүрелері «экстремистік» деген сипаттамадан толық арылды.

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ БОЙЫНША АЙЫПТАУ

Астана қаласы сотының биылғы жылғы 3 шілдедегі шешімі бойынша экстремистік деп танылып, тыйым салынған діни әдбиеттер мен парақшалар тізіміне Құран сүрелерін қосып қойғаны туралы хабар Қазақстан қоғамында әжептәуір наразылық тудырған еді.

Астана соты тыйым салған жалпы саны 207 ақпараттық материалдар тізімінде Ислам тақырыбындағы парақшалар мен үнпарақтар, бірқатар кітаптар мен аудиожазбалар бар.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының мамандары, сот тыйым салған кітаптарды экстремистік деп тану барысында жүргізген сараптама жұмыстарына өздерінің қатыспағандығын айтқан-ды.

Содан кейін барып Әділет министрлігі өзінің интернет сайтына орналастырған ресми ақпаратында жаңсақтық кеткен деп ақталып шықты. Министрліктің өкілі қателік кеткен жердегі әңгіме Құран сүрелері емес, сол сүрелерге белгісіз біреулердің берген түсіндірмесінің дыбыс таспалары туралы деп мәлімдеді.

Құран сүрелерінің «қара тізімге» түсіп кетуіне, яғни оларды экстремистік топқа жатқызу туралы сотқа өтінішті берген Қазақстанның бас прокуратурасы бұл материалдардың тізімін Қазақстанда экстремистік айыптаулар бойынша жүргізілген сот істеріне қатысты заттай айғақтардан құрастырғаны айтылды.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда халықтың шамамен 65 пайызы немесе 10,5 миллион тұрғын өздерін мұсылман үмбетіміз деп санайды.

Қазақстанда қызметіне сот шешімімен тыйым салынғандардың тізімінде барлығы 14 ұйым бар. Олардың біреуі экстремистік, қалғандары террорлық ұйымдар деп танылған.

Бұл тізімге «Әл-Қаида», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Күрд халық конгресі», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Асбат-әл-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан» қозғалысы, «Боз Гурд», «Орталық Азия моджахедтері жамағаты», «Лашкар-и-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қауымы», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Аум Сенрике» және «Хизб ут-Тахрир-әл-Ислами» ұйымдары енгізілген.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 509 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
16.Желтоқсан.2009
1. MUSULMANIN (Муслим)
53 материалдың тізімін қайдан қарауға болады?

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0