|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2010 » Наурыз » 4 » Биологиялық соғыс Доңыз тұмауы туралы шындық
Биологиялық соғыс Доңыз тұмауы туралы шындық | 20:38 | Өткен жылдан бері бүкіл адамзат баласында үрей отын туғызумен келе жатқан H1N1 «шошқа тұмауының» пандемиялық (Пандемия дегеніміз - жұқпалы аурудың дүние- жүзіне таралуы немесе үлкен аумақта таралуы) вирусын жасаған фармакологиялық картельдің (картель - монополияның бір түрі, әрбір өндіріс саласындағы ірі өнеркәсіп иелерінің нарыққа үстемдігін және соған өзара келісушілердің тауарға бірыңғай нарық қойып, пайда түсіруін қамтамасыз ету үшін жасалған келісімі. Мысал үшін, жанар-жағармай станциялары қожайындарының бірігіп, бір жоғарғы бағаны ұстауға және ол бағаны нарықтан түсірмей тұру жөнінде жасасқан келісімдерін - картель деп атауға болады. Д.М.) беті ашылды. АҚШ. Калифорния штаты, Лос-Анджелес қаласы. Дүниежүзінің жасырын фармакология өнеркәсібін ашумен шұғылданатын әйгілі мамандары осы елдің Нью-Иорк қаласында халықаралық деңгейде жұмыс істеген фармакологиялық картельді тауып, ол жерде H1N1 «шошқа тұмауы» пандемиялық вирусының дүниежүзіне таралуын қамтамасыз ететін және сол вирусты дайындаумен сондай-ақ оны жоюға қарсы егілетін вакцинаны таратумен айналысып келгенін әшкереледі. Америкалық денсаулық сақтау саласының азық-түлік бөлімі бойынша тәжірибелі айтулы маман Леонард Горовиц пен осы іске зерттеу жүргізген журналист қыз Шерри Кейн өткен жылы дүниежүзі халықтарына үрей туғызып, дүрбелең салған «шошқа тұмауын» дүниеге келтіріп, ол аурудан құтылудың бірден-бір жолы - ауруға қарсы егілу профилактикасы деп байбалам салған адамдардың, осы істе білек сыбана кіріскен жаһандық деңгейдегі биотехнологиялық «трастың» (траст - ағылшынның «trust», яғни «сенім білдіру», бір адамның өз мүлкін өзге тұлғаның басқаруына сеніп тапсыруы дегеннен келіп шығады) қожайындары екендігін растайтын ресми құжаттарды жариялады. «Қазіргі таңда, заңгерлердің Федералдық Барлау бюросына (FBI) өткізген осы құжаттары - биліктің қолдауына сүйеніп, «Нью-Йорк серіктестігі» шеңберінде қызмет еткен әлгі өнеркәсіп қожаларының осы қорқынышты үрей мен жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратқанын және бүгінгі күндері супермаркеттерден бастап, емханаларға дейінгі барлық жерде қолға алынған осы вакцинацияның жаппай жарнамалық ресми науқанға айналдырғанын әшкерелейтін айғақ болып табылады» деп жазады америкалық Neboley газеті. Халықтың жаппай вакцинациядан өтуін күштеп тоқтату мақсатында, доктор Горовиц жиналған заңгерлер арқылы Федералдық Барлау бюросының (FBI) басқармасына мынадай мәлімдемесін жіберді: «Уолл Стриттің Руперт Мердок, Мортон Цукерман, Томас Глоусер сынды медиа-магнаттары мен Нью-иорктегі Федералдық қор банкінің бұрынғы директорлар кеңесінің басшысы Джерри Спрейердің үлестері бар бұл Дэвид Рокфеллердің (Дэвид Рокфеллер - дүниежүзіне әйгілі «Standard Oil» мұнай компаниясының иегері, АҚШ-тың әскери күшіне үнемі қолдау жасап отыратын бай-магнат, атақты Рокфеллерлер әулетінің үшінші буыны) трасты жаһандық деңгейде жоспарланған геноцидті (нәубет) дайындаған деген күдікпен айыпталады. Бұл траст жаһандық биотехнологиялық зерттеулерге бақылау жасайды. Бұл траст, сондай-ақ коммерциялық бағыттағы денсаулық сақтау саласын да басқарады. Оның ішінде, осы қылмыстық картельдің өнімі мен қызметін жарнамалайтын және үгіт-насихат істерін жүргізетін бұқаралық ақпарат құралдарының ең мықтыларын да толықтай өз билігіне алған. Бұл траст, сонымен қатар қоғамдық пікір мен маркетинг қалыптастыру үшін медиа-концерндердің күш-қуатын пайдалана отырып, фармацевтикалық және табиғи препараттар нарығына да өз әсерін тиізе алған». Горовиц пен Кейннің зерттеу барысында ашқан жағаңды ұстатар жаңалықтары арасында Silverstein Properties Inc. компаниясының басшысы Ларри Силверстайнның 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық шабуылдарды ұйымдастыруға және адамзатты қыру мақсатында фармакологиялық картельдің геосаяси және экономикалық іс-әрекетіне де қатысы барын дәлелдейтін айғақтар да бар көрінеді. Нью-Йорк қаласындағы Дүниежүзілік Сауда Орталығын (WTC) бұрын жалға алған әрі сол қос егіз үйді тас-талқан етіп жаруға келісім берген Ларри Силверстайн осы жүргізіліп жатқан «9-11 Truth» зерттеу ісі бойынша ең бірінші күдікті болып саналады. Сильверстайн бұл күндері, негізін Дэвид Рокфеллер салған биотехнологиялық трастың қожайыны әрі соның жалдаушысы. «Егер бұл адамдардың қолынан 2001 жылдың 11 қыркүйегінде 8 секунд ішінде 3000-нан аса адамды жер жастандыру келген болса, демек, оларға миллиондаған, тіпті миллиардтаған адамның өмірін кешенді түрде жасалған пандемиялық шошқа тұмауы арқылы қырып тастау да түк емес деген сөз» - деп түйіндейді өз айғақтарын доктор Горовиц. - «Менің ашқан бұл айғақтарым миллиондаған адамдардың өмірлерін арашалап қалса және де белсенді адамдардың президент Обамаға адамзат баласына қарсы жасалып жатқан осы қылмыстардың зерттелуі керектігіне үндеу тастауына көмектессе екен деп бір құдайдан жалбарынамын». «Мен соңғы рет Федералдық Барлау бюросымен (ФББ) хабарласқанымда, алда болатын Сібір жарасының пайда болатындығы жөнінде бұл аурудың ең алғаш газет беттеріне жариялануынан бір апта бұрын ескерткен едім» - дейді доктор Горовиц. - «Оларға менің айтқан ескертпеме жауап қатулары үшін алты ай уақыттары кетті. Мен бұл жолы бүкіл адамзат тарихында орын алған осы пенде баласын түгелдей қырғынға ұшырататын нәубеттің басталуына бір ай уақыт бұрын Әділет бөлімін ескертемін. Мен олардың менің берген мәліметтерімді талқыға салып және толыққанды зерттеу жүргізгенін, сондай-ақ соттың да қарап қалмай, өз тарапынан осы шошқа тұмауына қарсы жүргізіліп жатқан жаппай егілуді тоқтату жөніндегі шешіміне қол жеткізгенін сұраймын» Осы мәліметтердің теңдессіз құндылығы мен маңыздылығын ескере отырып, доктор Горовиц ант қабылдай отырып, өзінің ресми жазбаша түсінігін берді (түсініктердің түпнұсқасын интернет беттерінен тауып ала аласыз, егер ағылшынша түсінсеңіз тіптен жақсы). Бұл түсінікте өзге дүниежүзінің белсенді адамдарының бұл мәліметтерді мейлінше барлық жерге таратып, сондай-ақ әрбір ел басшыларын осы жаппай егу жұмыстарын тоқтату ісіне ықпал тигізулері керектігін айтып, ескерту жасағандарын өтінуде. «Егер сіз өзіңіз үшін, өз жанұяңызды қорғау үшін не істегіңіз келсе де, тек шошқа тұмауына қарсы вакцинаны қабылдай көрмеңіз! Одан саналы түрде бас тартыңыз! Интернетті пайдаланыңыз, менің веб-сайтымды қараңыз, сіз ол жерден менің ФББ мен өзге де ұйымдарға таққан айыптарымды оқи аласыз... Олар бүкіл әлемдегі тұрғындар санын қатаң түрде азайтқысы келеді. Олар сондай-ақ адам ағзасының ойлау мен дене күшін тұрақсыздандыру үшін адам ағзасының функцияларын басқарғысы келеді. Осының салдарынан балаларға салынатын егу де көбейіп кетті. Қазір оларға жастары 2-ге жетпей жатып, жылына 25 реттен егу жұмыстары жүргізілуде (АҚШ-та, Ұлыбританияда, және басқа елдерде). Жас сәбидің өзінің иммундық жүйесі дамып келе жатқан шағында, олар осы иммунитетті алғашқы екі жаста-ақ құртқысы келеді. Адам бойында өзінің қорғағыштық жүйесі - адамдық иммундық жүйесі болады» деп жазады доктор Леонард Горовиц пен журналист Шерри Кейннің зерттеуі. Америкалық саясаттың соншалықты сасық екендігін, олардың сол құрлыққа алғаш аяқ басқан сәтінен-ақ аңғаруға болады. Жергілікті үндістерді қынадай қырумен ғана шектелмей, олардың тұқым-тұяғын шөл далаларға қуып тықты. Қара нәсілділерді де ең алғаш құл етіп жұмсап, қант плантациялары мен егіс алқаптарында таңның атысы, күннің батысы болсын жұмысқа жегумен болды. Олар араласпаған соғыс та қалмады жер жүзінде. Соғыстың неше түрін де қолданды. Химиялық дейсіз бе, биологиялық дейсіз бе, атомдық дейсіз бе, бәрін-бәрін. Қолы қанға боялмаған президенттері де қалмады. Барлық президенттің тұсында әйтеуір бір соғыс болып тұрды (онда да қорғаныс түрінде емес, шабуыл түрінде). Америка - тек соғыспен және адам қанымен ғана байыған ел. Американың халқы төрт құбыласы түгел, әр отбасының әлеуметтік жағдайы жоғары деңгейде саналатын, әрі елдегі білім сапасы да жоғары болғандықтан, тиісінше адамдары да сауатты, көздері ашық, көкіректері ояу ел. Мұндай елді басқару үшін, ел басында отырған саясаткерлерге халықты тек қана ұлы үрейдің күшімен ғана ұстап тұру керек деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Сол пікірдің оң бағытта сипат алуы үшін, Ақ үйдегі қолбасшылар мен ел басшысы да әйтеуір бір жаңа қорқыныш көзін табуда. Соған сәйкес, қорыққан ел де Үкіметтен көмек сұрап, оған арқа сүйеуге мәжбүр болады. Ирактағы соғыстың, 2001 жылғы Нью-Йорктегі террорлық әрекеттердің де артында АҚШ үкіметі тұрып келгендігі бүгінгі күнде әшкереленуде. Америкалық үкімет өздерінің дүниежүзіне тигізіп отырған қанды қырғындарын қолдан жасай отырып, соғыс ашып, қару сатып ақша табуды стратегиялық бағдарламасына айналдырған ел. Міне, бүгінгі біздің талқылап отырған мақаламыздың кейіпкері доктор Горовиц осындай қырғынды әшкерелеген адам. Бірақ оған, меніңше, әзірге ешкім құлақ салмай отырғанға ұқсайды. Соған қарағанда, бұл қылмысқа АҚШ үкіметінің де қатысы бар сияқты дейді ақпарат көздері. Олардың өздерінің тиісті жауаптарын бермей, сөзбұйдаға салып жүргеніне қарағанда, сытылып шығар сылтауларын іздестіріп жатқан сыңайлы. Не де болса, америкалықтардың тұмауға қарсы таққан тұмылдырығы емес, бетперделерінің ашылар күні алыс еместей...
Дулат МӘМБЕТӘЛІ, Жартытөбе ауылы, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
"Айқын" газеті
|
|
|
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|