Ассалуму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
О, мұсылман бауырлар! Алланың бар екеніне, Алланы тануға барша адамды шакырайық! Тек Алланың арқасында осындай өмір сүріп жатқанымыз, тек Жаратқан иеміз Аллаға қарыздармыз. Сондықтан, Алла жіберген укимдерді орындауға тырысайық!!!
Осыған байланысты бірнеше сауалдарым бар... Бұл сауалдар маған инет арқылы досымнан келді...
Теледидарда жарнамалардан кейінгі телесериалдың басталуын, намазға шақырған азандай күтетін, Раббымыздың уақытыңды қалай жұмсадың дейтін сұрауынан бейхабар жүрген бір мұсылманбыз ба?
Пайғамбарымыздың (с.а.с.): "Ақыр заманда сүннетімді ұстанғанға шейіт сауабы беріледі" деген сүйіншісінен мақрұм қалған бір мұсылманбыз ба?
Пайѓамбарымыздың (с.а.с.): «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер» деген үгіт-насихатына құлақ аспай пайда қуған дүниеқоңыз мұсылманбыз ба?
«Аллаһ және періштелер Пайѓамбарға салауат айтады, сендер де оған салауат айтыңдар» деген аяттан бейхабар, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аты аталғанда салауатты есіркеген сараң мұсылманбыз ба?
Көршісі аш, өзі тоқ, кездескенде сәлем жоқ, Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Араларыңызда сәлемді таратыңдар» дегеніне қарамастан бейқам жүрген бір мұсылманбыз ба? http://www.dinislam.kz/forum/28-365-1#3858
|