Имандылық ұйыған ауыл - 23 Ноября 2009 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:05
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Сіз бес уақыт намаз оқисыз ба?
Жауап берілді: 1148
 

Негізгі бет » 2009 » Қараша » 23 » Имандылық ұйыған ауыл


Имандылық ұйыған ауыл
14:01
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылының тұрғындары жаппай салауатты өмір салтын ұстанады. Мұнда арақ-шарап деген атымен жоқ. Той-томалақ тұрмақ, алкоголь өнімдері дүкен сөрелерінен де алынып тасталған. Бүкіл ауданға үлгі болып отырған ауылдың еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін Исламның ақ жолына түсіп, намазға жығылған.
Алкоголден мүлдем бас тарту тұрғындарға оңай соқпағаны анық. «Жайған дастарханың арақ-шарапсыз болса, қонағың өкпелеп кететін жағдайға жеттік емес пе?» - дейді ауыл ақсақалдары. Дегенмен жаман әдеттен арылуға ауыл болып бел буған. Той-томалақты айтпағанның өзінде, мұндағы дүкендердің өзінде арақ мүлдем сатылмайды.
Ауылда бір емес, екі мешіт бар. Тайлы-тұяғымен намазға жығылған ауылда жалғыз мешіт тарлық етіп, кейін үлкен қылып екіншісін салған. Арақ-шараптан мүлдем бас тартуға осы имандылық үйінің де тікелей септігі тиіпті.
- «Ешқандай төбелес, жанжал жоқ. Бұл өзі ең шеткі нысаным. Осы ауылды үлгі етуге болады»,- дейді тағайындалған учаскелік инспектор Жақсылық Жақыпов.
Бірақ, салауатты өмір салтын ұстанған Мәдениет ауылының тұрғындарынан үлгі алуға көрші ауылдардың тұрғындары асығар емес. Жаман әдеттен мүлдем бас тартуға оларға ерік-жігер мен берік иман жетіспей жатқан сыңайлы.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 529 | Ендірген: Hayrulla | Рейтингі: 4.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
14.Мамыр.2010
1. Asila (Alisa)
kandai keremet, uzagynan suindirsin arb

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0