|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2009 » Желтоқсан » 29 » Ұятсыз фильмдерге «Тек!» деді
Ұятсыз фильмдерге «Тек!» деді | 09:01 | Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед отандық фильмдердің кинопрокатына бақылау енгізуді орынды деп санайды.
"Екінші сортты фильмдерді шығаратын кинокомпаниялардың және кинотеатрлардың қызметі дұрыс деңгейде реттелмей отыр. Біз заңды түрде фильмдерге қатысты прокаттық куәлік енгіземіз, ол кинопрокатты реттеудің механизмі болады”, — деді министр "үкіметтік сағат” шеңберінде өткен парламент мәжілісінде.Оның айтуынша, қазіргі уақытта жеке меншік отандық кинокомпаниялар "іс-қимыл бостандығын шектен тыс пайдаланған”, соның салдарынан, қазақстандық және басқа да фильмдер көрсетіле бастаған.— Бұл фильмдер — ұят нәрсе. Келесі жылдан бастап, 2008 жылдан бері өндіріске алынған әр фильм үшін сіздердің алдарыңызда жеке жауап беретін боламын, өйткені прокаттық куәлік енгізіледі, — деді министр.2009 жылы Қазақстанда аталмыш министрліктің ықпалымен 28 көркемсуретті фильм түсіру көзделген болатын. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта қазақстандық кинопрокатта отандық фильмдердің үлесі 3 пайызды құрайды, оның ішінде 70 пайызы америкалық кино, 25-пайызы ресейлік кино.24.12.2009 ГҮЛЖАНАТ ШОНАБАЙ Қазақстан-Заман
|
|
|
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|