Оқушылардың орамал тартуына тыйым салу конституциялық құқықтың бұзылғандығын көрсетеді - Р. Халмұрадов - 23 Декабря 2009 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:18
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Сіз кредит (процентке ақша) алғансызба?
Жауап берілді: 381
 

Негізгі бет » 2009 » Желтоқсан » 23 » Оқушылардың орамал тартуына тыйым салу конституциялық құқықтың бұзылғандығын көрсетеді - Р. Халмұрадов


Оқушылардың орамал тартуына тыйым салу конституциялық құқықтың бұзылғандығын көрсетеді - Р. Халмұрадов
21:37
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Оқушылардың орамал тартуына тыйым салу конституциялық құқықтың бұзылғандығын көрсетеді.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрінің атына жолданған сауалында депутат Розақұл Халмұрадов осылай мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы кездері білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында халықтың діни сенім бостандығына кепілдік берілген конституциялық құқықтарының жүйелі түрде бұзылуы орын алуда. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы А. Жақыпов мырза, 2009 жылғы қазанның 26-сындағы хаты арқылы облыстық білім беру басқармаларына, ЖОО ректорларына, республикалық білім беру мекемелерінде намаз  оқуға және мұсылманшылық орамалдарын тартуға тыйым салу туралы нұсқаулар жіберген. Министрдің жеке блогында да оқушыларға орамал тартуға тыйым салынатындығы туралы хабарланыпты. Намаз оқу - мемлекеттік ұйымдардың ішінде намазға арналған бөлме немесе мешіт ашу дегенді білдірмейді. Өйткені, намазды жұмыстың үзілісі кезінде, жұмыс үдерісіне кедергі келтірмей, басқа орындарда оқуға болады. Ал орамал тарту нағыз хиджап кию деген сөз емес, ол бұрыннан келе жатқан дәстүр», деді депутат.

Оның айтуынша, қазақ қыздарының орамал тартуын ана-әжелердің салт-дәстүрін жалғастыру ретінде қарастыру керек. Намаз оқу, орамал тарту ғұрыптары қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіремейді, керісінше бұның имандылық тәрбиелік сипаты басым.

«Ал жоғарыдағы нұсқауда ата дінімізге қиянат жасалып отыр. Қазақстан әлемдік діндер съезін ұйымдастырушы ел ретінде танылып келеді. 2011 жылы Мұсылман елдері лигасына төрағалық ететін боламыз. Құрбан айтты мейрам ретінде белгіледік. Ендеше министрліктің нұсқаулары ел саясатына қайшы келеді. Бұндай шетін мәселеге айрықша назар аудару қажет», деді депутат.
 inform.kz
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 570 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 4
27.Желтоқсан.2009
4. olzhas (Olzhas)
Субхана АЛЛАХ АЛЛАХ Разы болсын бауырларымызға... АЛЛАХУ АКБАР!

[пікірдің сілтемесі]
25.Желтоқсан.2009
3. Қорғанбаев Нұрдос Алтынбекұлы (Nurdos_ko)
arb

[пікірдің сілтемесі]
24.Желтоқсан.2009
2. Айдар Берік (berik_aidar)
arb

[пікірдің сілтемесі]
24.Желтоқсан.2009
1. Гульмира (Kausar)
arb

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0