Жеке нөмір алуға асығыңыз! - 10 Февраля 2010 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 06:08
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Сіздің жұмыс орныңызда намаз оқуға қолайлы жер бар ма?
Жауап берілді: 332
 

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 10 » Жеке нөмір алуға асығыңыз!


Жеке нөмір алуға асығыңыз!
08:36
Тамыз айының орта шенінен бастап қазіргі қолданыстағы әлеуметтік жеке код (СИК) пен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН) өз күшін жояды. Ал олардың ортақ қызметін жеке идентификациялық код атқаратын болады.
Егер аталған мерзімнен кейін де жеке төлқұжатыңызда код болмайтын болса, төлем төлеу, ақша аудару, несие алу, хал-актілерін жасау секілді әлеуметтік қызметтерді пайдалану құқығынан айырылып қаласыз. Сондықтан оқырмандардың мәселеге мұқият назар аударуын сұраймыз.
Рас, ел халқының үлкен бөлігінің төлқұжатында жеке код қазірдің өзінде бар. Өйткені Әділет министрлігінің хабарлағанындай, 12 цифрдан тұратын бұл код жеке құжаттарға 1997 жылдан бастап қойыла бастаған. Ал араға он жыл салып, 2007 жылы арнайы коды жоқ төлқұжаттарды қайта рәсімдеу жұмыстары жүргізіле бастады. Мұндай қайта рәсімделген төлқұжат иелері үшін еш қауіп жоқ, өйткені олардың идентификациялық нөмірі автоматты түрде жүзеге асырылады. Ал код алып үлгермеген (олар, негізінен, 1997 жылдан бері төлқұжат ауыстырмаған азаматтар болып табылады) жандар үшін алаңдауға тура келеді. Бірақ асқан қауіп жоқ. Бастысы, 13 тамызға дейін төлқұжат ауыстырып үлгерсеңіз болды, бұл мерзімге дейін идентификациялық коды бар құжат алу мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Кешіксеңіз, айыппұлға ілігесіз.
Сәйкестендірілген нөмір жайлы тереңдете айта кетсек, оның екі түрі болады. Бірі - бизнес-идентификациялық нөмір (БИН) де, екіншісі - жеке идентификациялық нөмір (ЖИН). БИН-ді заңды тұлғалар алатын болса, жеке тұлғалар үшін ЖИН жарамды. Код 12 цифрдан тұрады: алғашқы алтауы төлқұжат иесінің туған күні, айы, жылынан хабар берсе, соңғы 5 цифр оның ИИН-дегі кезек саны болып табылады. Сәйкестендірілген нөмір бір адамға өмір бойына беріледі, ол кейін өзгеріске ұшырамайды. Нөмірдің мақсаты, мәні, заңдылығы - бәрі «Ұлттық реестр мен идентификацияланған нөмірлер туралы» заңда толық көрсетілген. Ең бастысы - әлеуметтік жеке код пен салық төлеушінің тіркеу нөмірін алмастыратын бұл код қазақты тағы бір қағазбастылықтан құтқаратын болады. Уақытты үнемдеп, қызметтік істерді тездете түспек.
Бұл ретте жас ата-аналарға да «құлаққағыс» жасау керек-ақ. Себебі идентификациялық нөмір тек кәмелеттік жасқа толып, төлқұжат алғандарға ғана емес, жаңа дүниеге келген сәбилерге де беріледі. Сондықтан балаларының кейін құжаттық қиындықтарға ұшырамасын ойлаған ата-аналар осы бір міндетке мұқият болғаны абзал. Рас, бастапқы уақытта идентификациялық нөмірі жоқ туу туралы куәлігі төлқұжат секілді жарамсыз деп табылмайды, дегенмен кейін құжат ауыстыруда, хал-актілерін рәсімдеуде үлкен қиындықтарға тап болады. Сәбилердің туу туралы куәліктеріне жеке сәйкестендірілген нөмір тек 2007 жылдың тамыз айынан бастап қана қойыла бастаған.
Төлқұжатты сәйкестендірілген нөмірі бар құжатқа өзгерту үшін қажетті құжаттар: үй кітапшасы, ескі төлқұжат және фотосурет. Нөмірді ел азаматтары өз мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады. http://www.aikyn.kz/


Нұрболат Аманжол
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 586 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0