Кейінгі бірнеше жылдың айналасында жастарымыз,
жастарымыз ғана емес ау жасамыстарымыз да қайдағы бір «Валентин күні»,
«ғашықтар күні» деген мейрамсымақты тауып алды. Бұл өзі қайдан шыққан дүние?..
Тарих...
Ерте
заманда, дәлірек айтқанда 469 жылы Рим императоры Геласиустың жарлығымен 14
ақпан «Әулие Валентин күні» деп жарияланады. Бұған себеп: әлгі опасыз оңбаған
Валентиннің отанын қорғаудан қашып, әскерге бармау үшін үйленетіндердің некесін
жасырын қиып, «қиналғандарға» «қол ұшын берген» «ерлігі» әшкереленіп, басы
шабылған осы күнді әспеттеу.
Аллаһ Тағала адамзат баласына әр түрлі замандарда пайғамбарлар жіберіп отырған. Пайғамбарлар адамдарға бір Аллаһқа құлшылық етуді бұйырып, Оған серік қосудан тыйған. Әр пайғамбар өз қауымына ғана жіберілген. Ал ең соңғы пайғамбар Мухаммәд саллә Аллаһу ъаләйһи уә сәлләм бүкіл адамзат баласына ақырзаманға дейінгі пайғамбар болып жіберілген. Сондықтан Аллаһ Тағаланың барша адамға, барша заманға арнап жіберген діні Ислам тек құлшылықтар жиынтығы емес, өмір сүру жолы болып табылады. Жаһанды жаратқан Жаратушы оған қай заманда не қажет екенін дөп басып білетіні түсінікті. Олай болса, Ислам діні заман өткен сайын ескіріп емес, керісінше жаңарып, жан жақты қырлары ашылып, өз қатарына түрлі ұлт өкілдерін жиып, ғылым мен білімде зор табыстарға қол жеткізген тұлғаларды таң қалдырып, өзінің ақиқаттығын мойындатуда.
Имам әл-Бұхари (р.а.) риуаят еткен хадис
шәріпте: «Расулулла (с.ғ.с.): «Сендердiң ешбірің Менi өз баласынан,
әкесінен және барлық адамзаттан артық көрмейiнше (кәміл) иманды бола
алмайды»,- дейді.
Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) арабтың Құрайыш қауымынан, Бани
Һашим әулетiнен. Туылған жерi - Мекке қаласы. Әкесiнiң аты - Абдуллаһ,
атасы - Абдулмутталиб. Анасының есiмi - Әмина. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
ата-анадан жалғыз перзент. Дүние есігін ашпастан бұрын әкеден, алты
жасында анадан жетім қалған. Мұхаммед (с.ғ.с.) миллади жыл санауы
бойынша Иса (ғ.с.) пайғамбардан 571 жыл кейiн 20-шы сәуiрде, һижри жыл
санауы бойынша Рабиүл-аууәл айының 12-сi, дүйсенбi күнi туылған.
Ана құрсағында 6 айлық болғанда: «Құдайдың досы, соңғы пайғамбарға
жүктi болдың, бұл бала туылғанда есiмi Мұхаммед болсын»,- деп анасы
Әминаға түсiнде аян етiлдi. Әмина бала туғанда әйелдер әдетi бойынша
толғақ қысу, құрсақ ауруын, қан келуге ұқсас қиыншылықтарды көрмедi.
Нью-Йорк ғылым академиясы төрағасының бірі болып қызмет еткен А. Гресси
Моррисон (A.Gressy Morrison) өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижесінде Аллаһтың бар
екендігін мойындап, өзге де әріптестеріне Аллаһтың бар екендігіне сендіретін
жеті себеп атты мақаласын жариялады. Гресси Моррисон: «Ғылым мен технология
құдіретті Жаратушының заңдылықтарын біртіндеп ашуда. Ғылыми жетістіктер көбейген
сайын Аллаһтың бар екендігі дәлелденіп, Оған сенуге мәжбүр болудамыз. Мені мына
жеті себеп Жаратушының бар екендігіне сендірді»,- деді.
Адамдарды Аллаһтың ақ жолына шақырушы
оларға өздерiнiң үлгiсiмен және өзiн-өзi жетiлдiру, амалдарын жақсарту
қабiлетiмен өнеге көрсете алады. Ар-Рази айтты:
– Үлгi дегеннiң өзi өнеге. Сондықтан да бiреудi үлгiлi деп айтсақ, демек оның өнегелi болғаны.
Өнегенiң екi түрi бар:
а) Жақсы өнеге.
Шексiз Ұлық Аллаһ айтты:
"Расында сендер үшiн, Аллаһты да, ақырет күнiн де үмiт еткендер және
Аллаһты көп еске алған кiсiлер үшiн Аллаһтың елшiсiнде көп өнегелер
бар”. (Ахзап 33:21)
Діндер туралы заңдардың босаңдығынан ба әлде елімізде жүргізіліп отырған «асыра көп-дінді» саясаттың салдарынан ба, әйтеуір, бүгінгі таңда Қазақстан тек қана алыс-жақын шетелдерден қашқан-пысқан ағым-секталарды оңай қабылдаудан бөлек, өзі де жаңа деструктивті секталардың Отанына айналып отырғанға ұқсайды. Отандық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның Шонжы ауылында дүниеге келген «Әл-Аят» ағымы бүкіл ТМД елдерін шулатып тіпті, Украинада аса қауіпті секта ретінде танылған. Бұл сектаға «Made in Kazakhstan» деп айдар тағушылар да жоқ емес. Ресейдің құзырлы орындары мен БАҚ-тары да бұл жайлы талай дабыл қаққан еді. Ал елдегі діни жағдайды орнықтыру үшін «Діндер туралы» заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар қажеттігін ұлт зиялылары талай көтеріп-ақ келеді. Бірақ Қазақстан алдағы 2-3 жылда бұл заңға қайта орала алмайтындай жағдайда: 2010 жылы еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етсе, 2011 жылы ЕҚЫҰ-ның «бестігінде» жұмыс істейді. Бірақ, бұл арада онсыз да дәстүрлі діндерден бірнеше есе көп ағым-секталар бұдан да терең тамыр жайып үлгермей ме?!
Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. Есі түзу адамның тойға киетінін қойға, қойға киетінін тойға кимейтіні де бесенеден белгілі. «Адам көркі шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар да біраз жайдан хабар бергендей. Дүниеде әр халық пен қауымды басқа халықтардан ерекшелеп тұратын нәрселері тілі мен дінін айтпағанда: салт-дәстүрі, ішер асы мен киер киімдері сияқты нәрселер. Осыған байланысты пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе) ол – солардан» дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Маған зекет бер» – деген адамға былай жауап берген: «Ұлы Аллаһ зекеттің берілетін орындары жайында пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді беремін» (Әбу Дәәуд, Зекет, 24). Иә, зекеттің берілетін орындарын Аллаһ Тағала «Тәубе» сүресінің алпысыншы аятында тағайындап білдіреді: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді» (Тәубе, 60).
Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні - ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келді. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деген қазақ халқы небір қиыншылық, зобалаң замандарда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен жоқ. Тіпті, кешегі қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де қазақ халқы толықтай діннен хабардар болмаса да, әйтеуір мұсылманбыз деп жүрген.
Құран Кәрімде аты аталған Һұд(а.с.) пайғамбар-дың есімі – жұмсақтық,
бейбітшілік және тыныштыққа ұйытқы болушы деген мағынаға келеді. Ол Ад
деген жиырма үш тайпадан тұратын үлкен қауымға пайғамбар болып
жіберілген еді. Бұл қауым хазіреті Нұқтың баласы Самның әулетінен
тараған, Нұқ дүниеден өткен соң 800 жылдан кейін болған оқиға.