Ислам дағуаты - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 11.Қыркүйек.2010, 02:10
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сұхбат - соңғы жазулар
Группа "Гости" не имеет право просмотра модуля
сауалнама
Сіз Дінислам сайты туралы қайдан білдіңіз?
Жауап берілді: 274
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам дағуаты[ Мақала қосу]

Категориядағы материалдар: 30
Көрсетілген материалдар: 1-10          
Беттер: 1 2 3 »

Сұрыптау: Уақыты · Атауы бойынша · Рейтингісі бойынша · Комментариялар бойынша · Көрілуі бойынша


Аллаһ Тағала адамзат қауымына сансыз пайғамбарлар жіберген. Құран кітабында аталатындардың саны жиырма бес. Ал, қазақ халқының ауыз әдебиетінде айтылатын Жаратушы елшілерінің саны жүз жиырма төрт мың.

Пайғамбарларға қасиетті кітаптар берілген, әрі сол арқылы Жаратушының бұйрығын жеткізіп, жұртшылықты ғибадатқа шақырған. Алайда, олардың басты міндеті - әлемді жаратқан Аллаһқа ғана ғибадат етуге шақыру болатын. Бұл барлық пайғамбарлардың ең ұлы миссиясы еді.

Ислам дағуаты | Көрілді: 893 | Авторы: Дәулет Қыдырмолла | Ендірген: Hayrulla | Уақыты: 03.Желтоқсан.2009 | Рейтингі: 4.9/30 | Комментариялар (2)

«На востоке, на востоке
Что за жизнь без чайханы!» деген әнді дінге келмей тұрып сүйіп тыңдайтынбыз. Себебі түкті де түсінбегенбіз. Әншілерін жақсы көретінбіз. Енді байқасам бұл ән емес, бомба екен...
Ислам дағуаты | Көрілді: 717 | Авторы: Авторы белгісіз... | Ендірген: Hayrulla | Уақыты: 13.Қараша.2009 | Рейтингі: 4.6/32 | Комментариялар (0)

"Неге арабша?" - деп ашуланамыз. Иә, бір тамшы мәни судан жаратылған әлсіз, өз нәпсісін жеңе алмай жүрген бейбақ адам ұлық Жаратушысына бұлқан-талқан болып, шәт-шәлекейі шығады. Мұнысы адамдығы ма, надандығы ма?
Түнеукүні «Хабар» арнасында бір ғалымның теңіз түбінен бір тас тауып алғанын көрсетті. Тасты жарып көрсе ішінен арабша жазу шыққан. Ол жазу Құдайдың құдіретімен бір жарым миллион жыл немесе ғасыр бұрын жасалған. Ол кезде араб түгіл алғашқы адам да дүниеге келмеген. Бұл Құранда айтылғандай Аллаһ Тағала ғаламды жаратып, бар тағдырды жазып қойғанының ашық дәлелі. Бүгінгі біздің көріп жүрген кереметіміздің бәрі Цунами толқындарындағы, жұмыртқа, помидор бетіндегі, қозылар арқасындағы, балықтың құйрығындағы, адамның жүрегіндегі жазулардың бәрі араб әліпбиімен жазылуда. Түркі, кирилица немесе латын әліпбиі емес. Қайтеміз? Раббымыздың таңдауы сол! Біздің нәпсінің қалауына сай келмеді деп дау айтамыз ба? Ішімізді өртеп бара жатқан тәкаппарлығымызды жеңуіміз керек. Әйтпесе жәннаттан қуылған лағнет Ібілістің статьясы бізге жазылады. Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) айтқан: «Кімде – кімнің жүрегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлық болса, жәннатқа кірмейді» деп. Жәннат та, тозақ та Жалғыз құдіретті, ұлы Жаратушыныкі.

Ислам дағуаты | Көрілді: 698 | Авторы: Авторы белгісіз... | Ендірген: Hayrulla | Уақыты: 04.Қараша.2009 | Рейтингі: 4.7/29 | Комментариялар (3)

Мен бұл әңгімені бүгін Сапарбек бауырымнан естідім. Жақында Астана қаласында болған оқиға екен. Бір қазақтың байшыкеші құрылысқа өзбек ағайындарды жалдайды. Бар шаруасы біткесін қазекең жұмысшылардың еңбекақысының жартысын ғана береді де:
- Қайда барсаңдар онда барыңдар, сендерге басқа соқыр тиын да бермеймін. Болды! Кетіңдер! - дейді. Құрылысшылардың ішінде қартаңдау бірі - елден безіп, бала-шағасын асырау үшін ит арқасы қиянда азып-тозып, үсіп-тоңып, тырбаңдап жүргенін, мүсәпірдің ақысын жемеу керек екенін әбден-ақ ескертеді. Құдайдың атымен қорқыта сөйлейді. Қалтасы томпиғанға құдайын ұмытқан байшыкеш әлгі өзбекті «құдайымен қоса» тілдейді. Жәбір шеккен кісі отыра қалып қарғайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Жәбір шеккен адамның дұғасы қабыл болады» - деген хадисі тура келіп, әлгі бай бір қырсықтан, бір қырсыққа кезігіп, өте аз уақытта үй-жайынан безіп, қашқындық жолға түседі. Көрінгенге қарыз. Шалқақтаған жүрісін жоғалтып, бүгежектеп күн кешеді. Ақыры қаңғыбасқа айналады.

Ислам дағуаты | Көрілді: 388 | Авторы: Авторы белгісіз... | Ендірген: Hayrulla | Уақыты: 09.Қазан.2009 | Рейтингі: 5.0/9 | Комментариялар (0)

Тіл - Аллаһ тағаланың пенделеріне берген ұлық сыйларының бірі. Тіл дене мүшесі ретінде кішкентай ғана болғанымен, жаратылысы өте күрделі. Тіл - Аллаһ тағалаға мойынсұнуда үлкен қызмет атқарады. Бұл дүниеде адам баласының иманды немесе имансыз екендігі тілдің куәлік беруі арқылы мәлім болады. Аллаһ Тағаланың бар екендігін адамдарға анық дәлелдермен түсіндіруде тіл біздерге жәрдем береді. Тілдің жәрдемімен түрлі ілімдердің қыр-сырын оқып үйренеміз. Мұндай қасиеттер тек тілге ғана берілген. Мысалы, көз көрген, құлақ естіген нәрселердің қандай екендігін тілмен айтып жеткіземіз. Денедегі барлық мүшелер белгілі бір шектеумен шектелген. Мәселен, көз белгілі бір қашықтықты ғана көре алады. Сол сияқты қолдың да, құлақтың да белгілі бір шекарасы бар. Ал, тілдің өрісі болса өте кең. Егер тілді қадағалап, сөзге есеп беріп тұрмаса, оған шайтан араласып, иесін жамандыққа жетелеуі мүмкін. Тілді орынсыз пайдаланса, адам баласы тозаққа түседі. Тілін шариғат жүгенімен жүгендеген, екі дүниеге де пайдасы бар сөздерді сөйлеген адам ғана мұндай жамандықтардан құтыла алады. Адам баласын көп жағдайда бақытсыздыққа, күнә істерге душар ететін нәрсе - тіл. Сондықтан, адамдарды жолдан адастырудағы шайтанның аспаптарының ең үлкені тіл болып саналады. Сол себепті, шариғатымыз тілді қалай болса солай сөйлеуден сақтауға шақырады. Пайдасыз сөз сөйлегеннен гөрі үндемей тұруды дәріптейді.
Ислам дағуаты | Көрілді: 635 | Авторы: Дайрабай қажы РЫСБАЙ | Ендірген: salemkaz | Уақыты: 25.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 4.9/18 | Комментариялар (0)

Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін 1 ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Ораза шартын орындаған жандар ауыздарын ашады. Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, ерекше ілтипатпен атап өтеді. 
Өйткені Рамазан – береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналады. Рамазан айынан Рамазан айына амандықта, саулықта жеткізгені үшін Жаратқанға мадақтар айтылып, шейіт болған аруақтарға бағышталып құран оқылады. Бұдан бөлек мұсылман бауырлар бірінің шаңырағына бірі бас сұғып, есен-саулық сұрасып, бірі екіншісіне денсаулық, жақсылық тілейді. 
Ислам дағуаты | Көрілді: 799 | Авторы: www.kostanay.kz | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 22.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/3 | Комментариялар (0)

«Адамзатқа бұл ислам толық етiп тасталған» дегенге қалай қарайсыз? Әрине, бұл – Құдайдан үмiтi бар, жүрегiнде иманы бекiген шын мүмiннiң иләһи сенiмi, әзәли пiкiрi, берiк ұстанымы. Расында, Құдайдан шын қорыққан ғана толық мұсылман бола алады. Осы әзәли ақиқатқа құрылған мәңгiлiк ұлы ақиданың түбiне жетпестен, не себептi «анау мынандай, мынау анандай» деген секiлдi шолақ ойлар мен толымсыз бiлiктiлiкке жол бере саламыз. Анығын қарар болсақ, мұның дертiн өзiмiз тудырып отырмыз. Бiз бiлiмдi болсақ, бiлiмсiздер бүйтiп көкiмес едi. «Тозаққа асықсаң, пәтуә беруге асық» депті расулаллаһ. Осы хадистi негiзге алатын болсақ, өзiңдi жұмақтан алшақтағандай, тозаққа асыққандай әрине бiр сезінесің. Өйткенi бүгiнгi қоғам – жөн-жосықсыз сөйлейтiн тiлi ұзындардың уысында кеттi. 
Ислам дағуаты | Көрілді: 611 | Авторы: Жандос БАЙДIЛДА | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 17.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/8 | Комментариялар (0)

nullҚайсыбір күні елеусіздеу өткен бір жиында уағыз айтқан «Руханият» университетінің ректоры Мұрат қажы Мыңбай өзінде бар мынадай бір статистикамен бөлісті. Ол кісінің дерегінше, біздің республикада 11 млн. адам өзін мұсылманмын деп есептейді. Бірақ олардың бес жүз мыңдайы ғана бес парызды бұлжытпай орындап жүрсе керек. Ал тағы бір бес жүз мыңдай пенде жұма намазға ғана қатысып деген секілді тиіп-қашып жүрген көрінеді.

Осы орайда қажекең өзін мұсылманмын деп есептесе де, кейбір Ислам шарттарынан алшақтау жүрген қалған он млн. халыққа дұрыс насихат жүргізу керектігін айтып, оларды екі дүниенің де бақытына бөлейтін хақ діннің барлық шарттарын орындауға шақырды. Білген адамға Исламның уақытты алатын зияны да, бәрінен тыйып тастайтындай қиындығы да жоқ екенін ескерсек, Мұрат қажынікі - дұрыс сөз. Бірақ ол он миллион халыққа дін насихатын қалай жүргізу керек? Байғұс ҚМБД-ның, яғни, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қолында анау айтқан құзірет те, қаржы да жоғы аян. Басқарманың жергілікті бөлімшелері мен діни білімі тәуір адамдар алады демесеңіз, тиражы әр адамға бір бетінен берсеңіз де жетуі неғайбыл бірлі-жарым газеттері болмаса, әрине. Яғни, біздің елдің мұсылмандарына арналған бір телеарнаның ашылатын уақыты жеткен-ді. Тілесек, Құдай береді екен. «Алма-ТV»-нің сандық жүйесі арқылы тәуелсіз қазақ мемлекеті тарихындағы тұңғыш діни телеарна хабар таратуын бастады. Кәдімгі ашылуы біраздан бері сөз боп жүрген «Асыл арна». Басшысы - Мұхамеджан Тазабеков. Айтыскер ретінде танымал ақынға бірнеше сұрақ қойдық.

Ислам дағуаты | Көрілді: 656 | Авторы: «Абай-информ» | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 04.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 4.5/6 | Комментариялар (1)

nullИә, бүгінгі күнде жастарымыздың Еуропаға еліктеуі өршіп тұр. Бұған кім кінәлі?
Қазір заман өркендеген кез. Бірақ, өркендеген деп айта аламыз ба? Себебі, жастарымыз күннен күнге жалаңаштанып барады. Бағзы замандардағы алғашқы қауым адамдары сияқты. Бұлай деп айту себебім, олар матаның жоқтығынан, ұятты жерлерін ғана жауып жүрген. Ал, біз ше? Бізде барлығы жеткілікті бола тұра, жастарымыз мата жетпейтіндей кіндіктерін «мен мұндалап» тұрғандай күйде киінеді. Сол кіндікті тестіріп, сырға салудың не сәні бар?
Ислам дағуаты | Көрілді: 453 | Авторы: Маржан ТӨЛЕУҚАЖЫҚЫЗЫ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 25.Шілде.2009 | Рейтингі: 4.2/5 | Комментариялар (1)

nullМұғжиза. Миғраж түні
Ендеше бұл жайлы сахих хадистен біліп алайық.
Анас ибн Мәлик (р.а) риуаятынан Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) Миғраж түнін төмендегінше баян етеді: «Жәбрәйіл (ғ.с) Маған есектен үлкен аттан кішілеу бір жануарды алып келді. Оған мініп Ақса мешітіне бардым. Кейін ол жерде екі ракағат намаз оқып шықтым. Жәбрәйіл сол кез маған екі кесе алып келді, біреуінде ішімдік, екіншісіне сүт құйылған болатын. Мен сүтті алып іштім. Сонда Жәбрәйіл маған: «Сен жақсы нәрсені таңдадың»,- деді. Осыдан кейін көкке көтерілдік. Жәбрәйіл көктің есігі ашылуын бұйырды. Оған: «Сен кімсің?»- деген сұрақ қойылды. Ол: «Мен Жәбрәйілмін»,- дегенде. «Сенің жаныңда кім бар?» - деді. Жәбрәйіл: «Мұхаммед (с.ғ.с) бар»,- деді. Әлгі дауыс: «Оған Пайғамбарлық жетті ме?»- деді.
Ислам дағуаты | Көрілді: 352 | Авторы: Бауыржан Ахметов | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 20.Шілде.2009 | Рейтингі: 5.0/3 | Комментариялар (1)

1-10 11-20 21-30
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: Lyaila

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: margulan_naiman

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3152
Осы ай ішінде: 78
Осы апта ішінде: 22
Кеше: 2
Бүгін: 3