Пайғамбарлар әкелген ақиқат - Ислам дағуаты - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 08:21
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Сіз бес уақыт намаз оқисыз ба?
Жауап берілді: 1148
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам дағуаты


Пайғамбарлар әкелген ақиқат

Аллаһ Тағала адамзат қауымына сансыз пайғамбарлар жіберген. Құран кітабында аталатындардың саны жиырма бес. Ал, қазақ халқының ауыз әдебиетінде айтылатын Жаратушы елшілерінің саны жүз жиырма төрт мың. Анығын Аллаһ біледі.

Пайғамбарларға қасиетті кітаптар берілген, әрі сол арқылы Жаратушының бұйрығын жеткізіп, жұртшылықты ғибадатқа шақырған. Алайда, олардың басты міндеті - әлемді жаратқан Аллаһқа ғана ғибадат етуге шақыру болатын. Бұл барлық пайғамбарлардың ең ұлы миссиясы еді.

Нұх пайғамбардың заманында қоғамда көпқұдайшылық күнәсі алғаш пайда болды. Адамдар тастан, ағаштан пұт жасап алып, соған сиына бастаған. Міне, осылайша бір ғана құдайға сиынуға үндейтін, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дін адамдар тарапынан бұзылды. Ал, Жаратушымыз ақ пен қараны ажырату үшін оларға Нұх сынды пайғамбарды жіберді. Бұл жайлы Құран хикаяларынан білеміз. Нұх оларға: «Әй қауымым, Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар. Одан өзге сиынуға лайық ешкім жоқ» деп ашық ескертеді. Алайда, қауымы тәкәппарланып, пайғамбардың айтқан сөздеріне құлақ аспайды. Сөйтіп Аллаһ Тағала оларға топан су жіберіп, жермен-жексен қылады. 

Байқап отырсақ, Құрандағы пайғамбарлар жайлы аяттардың көпшілігі осы сыңайлас болып келеді екен. Қаншама елші өз қауымын тек жалғыз Аллаһқа ғана ғибадат етіп, оған ешнәрсені серік етпеуге, әмірлерін орындап, тыйғандарынан бас тартуға шақырыпты.

Көпқұдайшылық – Аллаһтың ең жек көретін нәрсесі. Ол - тасқа табыну түрінде ғана емес, діни жоралғыларды бір Жаратушыдан басқаға арнау түрінде де көрініс табады. Мысалы, Аллаһтан өзгеге дұға жасау, құдайдан өзгеге құрбан шалу, бір затпен ант ішу, киелі делінетін нәрселерден медет тілеу, өлілерге сиыну, тағы осы сияқтылар.

Пайғамбарлар арасынан Ибраһим жайлы хикаяларды көбірек естіп жүрміз. Оның халқы да көпқұдайшылық күнәсінен аман қала алмаған екен. Олар әртүрлі пұттарға, жұлдыздарға, күнге, отқа сиынуды шығарып алады. Осылар тәрізді жансыз жаратылыстардан тілек тілейді. Сөйтіп, бір Аллаһқа ғана дұға етіп, Оған құлшылық қылуда ешкімді ортақтастырмау туралы қатаң талапты ұмыта бастайды. Міне, осы кезде Жаратушымыз ол қауымды түзу жолға үндеу үшін Ибраһимді (ғ.с.) елші етіп жібереді. Ал қауымы «Аллаһтан өзгеге табынбаймын, Одан басқаның барлығы медет тілеуге жарамсыз» дегені үшін Ибраһимді отқа тастаған. Бірақ, Жасаған ие өз пайғамбарларын қорлықта қалдырған емес.

Аллаһтың соңғы елшісі, біздің пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) заманында да арабтар көпқұдайшылық күнәсіне батып жатқан еді. Сол тұстағы Меккеде, Қағбаның айналасында түрлі пұттардың мүсіндері толып тұратын. Сондай-ақ, көпқұдайшылдар (Құранда олар мүшриктер делінеді) пайғамбар Исаның суреті мен киелі санайтын заттарын да әкеліп ілетін. Осындай, надандық түнегіндегі қоғамға Жаратушымыз шамшырақ етіп Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды жіберді. Ол бізге барлық жалған тәңірлер мен сиынуға лайықсыз жаратылыстарды тастап, әлемнің билеушісі жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақыратын Құран Кәрімді әкелді.

Оның екінші атауы фурқан. Яғни, жамандық пен жақсылықты ажыратушы дегенді білдіреді. Бұл кітапта да көпқұдайшылықтың жиіркенішті іс екені жиі ескертілген. «Аллаһпен бірге өзгеге сиынба, әйтпесе сөгіске ұшырап, қолдаусыз қаласың». (Құран 17:22). «Раббың тек Өзіне ғана сиынуларыңды бұйырды». (Құран 17:23,24).

Исламдағы «бір құдайға ғана сиыну» туралы ілімді Таухид деп атайды. Бұл сөздің бір түбірі «ахад» - араб тілінде «жалғыз» деген мағынаны білдіреді. Демек, Аллаһтан өзге ешбіреу ризық бере алмайды, жер мен көктегі әр нәрсе Оның мүлкі. Одан басқа ешкім тағдырымызды өзгерту күшіне ие емес. Қайтар жеріміз де Оның алды. Жаратушының бұл құдіреттілігіне ешкім ортақтаса алмайды деп білу – барлық пайғамбардың өсиеті.

Категориясы: Ислам дағуаты | Ендірген: Hayrulla (03.Желтоқсан.2009) | Авторы: Дәулет Қыдырмолла
Көрілді: 882 | Рейтингі: 4.9/30 |


Барлық пікірлер: 2
21.Желтоқсан.2009
2. Азамат (salemkaz)
arb

[пікірдің сілтемесі]
19.Желтоқсан.2009
1. Нұрасыл Жұматаев (nurasyl-91)
bismillah

[пікірдің сілтемесі]

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, xamza2007, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0