МЫСЫҚ АЛДЫМДЫ КЕССЕ, НАМАЗЫМ БҰЗЫЛА МА?

МЫСЫҚ АЛДЫМДЫ КЕССЕ, НАМАЗЫМ БҰЗЫЛА МА?
Ассаламуалейкум! Мысық асырауға болады ма? Намаз оқығанда алдымнан өтсе, намаз бұзылады ма? Мысық тамақты иіскеген болса, ол тамақты адам жеуіне болмайды ма? Әлде беткі жағын алып, жей берсе болады ма? А.Курсабаева

Уа алейкум ассалам!
Пайғамбарымыздың сахабасы Әнас бин Малик (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) Мадинаның маңайындағы Бутхан деген елдімекенге барады. Дәрет алмақ болып: «Әй, Әнас! Су құй», – деді. Мен дәрет су құйдым. Бір мысық ыдыстағы суды жалады. Сон уақытта пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әнас! Мысық – үй жануары, ол ешбір нәрсені лас етпейді және ешбір нәрсені нәжіс етпейді»[1],– деді».
Әбу Қатада (р.а.) баласының үйіне келеді. Келіні Кабшат Кағбқызы қайын атасына дәрет су әзірлеп береді. Ол дәрет алмақ болып отырғанда, мысық су ішкісі келіп жанына барды, Әбу Қатада мысық су ішсін деп ыдысының шетін қисайтты. Келінінің таңданып тұрғанын көріп: «Алла елшісі «Расында мысық нәжіс емес, сендердің үйлеріңде жүретін жануар»[2], – деп айтқан екен. Фиқһ кітаптарында[3] үй мысығының сілекейі нәжіс емес, бірақ танзил макрук болып табылады», – деп айтады.
Қорыта айтқанда, мысық үйдің жиһазын, кілем мен жайнамазды нәжіс етпейді. Намазды бұзбайды. Бірақ, ас үйден аулақ ұстаған жөн. Сұйық тамаққа тисе, төгіп тастаған жөн. Ал, қою тамаққа тисе, бетін алып тастап пайдалануға болады. Өйткені, мысық ауру тасымалдаушы болуы да ықтимал.

[1] Насб Роя
[2] Тирмизи, Әбу Дәуід
[3] Әл-Лубәб, Тәсһил әд-Дарури
mwd5checzzw
Руслан Камбаров

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.

WordPress спам заблокировано CleanTalk.